¹ 1-2( 16) 2017
Òië áiëiìi
Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі өлшем атаулары салыстырмалы талдау жасалған. Автор екі тілде жиі қолданылатын өлше атауларының жасалу жолдары мен дыбысталу ерекшеліктерін салыстырады.
В статье дается сравнительный анализ названий мер в казахском и турецком языках. Автор статьи сравнивает особенности образования и звучания часто употребляемых названий мер в обеих языках.
ШОҚАҚОВА ТОТЫ ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ
Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранты
The article gives a comparative analysis of the names of the measures in the Kazakh and Turkish languages. The author compares the features of the formation and sounding of frequently used names of the measures in both languages.
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНЕ ОРТАҚ ӨЛШЕМ АТАУЛАРЫ
Түркі тілдерінің өзара алыс-жақын туыстығын, дамуындағы ұқсас заңдылықтары мен өзіндік екрешеліктерін айқындаудың бір тәсілі- түркітану екені анық. Түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеу екі айнаны қарсы қойып, бірін-бірін айқынырақ көру сияқты. Түркітану ғылымында соңғы жылдарға дейін лексикология, әсіресе, тарихи және салыстырмалы лексикология салаларының өзге салалардан кенжеленіп, іргелі зерттеулердің мардымсыз аз жариялануын байқаймыз. Дегенмен, тілдің лексикалық байлығын жан-жақты зерттеудің маңызы айрықша. Оған К. М. Мұсаевтың пікірі дәлел: " Когда говорят, что язык представляет собой кладовую истории народа- его носителя, прежде всего имеется в виду лексика, которая непосредственно реагирует на все изменения в жизни народа. Ни фонетика, ни грамматика языка не может показать нам условия жизни народа так полно, как лексика. Сравнительное исследование лексики играет роль при решении проблемы наиболее точной и тонкой генетической классификации тюркских языков... Сравнительное исследование лексических и семантических схождений и расхождений тюркских языков окажет несомненную услугу при установлении относительной хронологии дифференциаций групп тюркских языков, при выяснении исторических условий их формирования и взаимодействия, выявит особенности автономного развития отдельных языков " [ 1; 420 ]. Бұдан лексикология саласының, анығырақ айтсақ, түркі тілдерінің лексикологиясын жан-жақты зерттеу- туысқан түркі халықтарын толықтай тану дегенді түсінеміз. Түркі тілдерінің лексикологиясына арналған зерттеулердің әлі де сирек жазылып жүргендігінің әр түрлі себептері бар:- түркі тілдерінде әр ғасырда, әр аймақта дүниеге келген ескерткіштердің толық зерттеліп бітпеуі;- қазіргі түркі тілдері мен диалектілерінің лексикалық байлығын түгел қамтитын сөздіктердің әлі аздығы;- сөз мағынасы мен өзгеріске бейімді түбір тұлғаларына көп көңіл бөлмеу;- лексикологиялық зерттеулердің тиімді әдіс-тәсілдерінің айқындалмауы т. б. Әрине, бұдан зерттеулер мүлде жоқ деген ұғым тумайды. Түркі тілдеріне қатысты диссертациялар қорғалып, оқулықтар жазылып, мақалалар жариялануда. Бұндай зерттеулерді жүргізудің себебі- туысқан тілдердің табиғатын тереңірек білу, олардың алып отырған орнын анықтап, ортақ, сәйкес, ұқсас заңдылықтарын зерделеу. Осы мақсаттарға орай бұл салалардағы зерттеулердің бірі- түркі тілдері арасындағы ортақ құбылыстарды айқындау. Лексикология саласындағы ортақ құбылыстардың бірі- жалпытүркілік сөздер. Яғни, түркі тілдеріне ортақ сөздер. Түркі тілдерінің ішіндегі қазақ және түрік тілдерін қарастырсақ, екі тілге де ортақ мына тілдік қолданыстарды байқаймыз:
- Күн сөзінің мағынасы – әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз немесе таңның атуы мен күннің батуы аралығындағы тәулік уақыты, күндіз. Яғни, жиырма төрт сағатқа тең уақыт, тәулік. Түрік тіліндегі gün сөзінің мағынасы да осыған пара-пар. Мысалы: birkaç gün sonra – бірнеше күннен кейін. Сонымен қоса күн сөзінің біздің тілімізде және түрік тілінде ауыспалы мағынасы да қолданылады. Мысалы: Güneş batmak – күн бату, güneş tutulmak – күн тұтылу, güneş çarpmak – күн тию т. б. « Күн » сөзінің түрік тіліндегі дыбысталуындағы айырмашылық [ к ] және [ g ] дыбыстарында.
- Жұлдыз сөзі де қазақ және түрік тіліне ортақ сөздердің қатарында. « Жұлдыз » сөзі екі тілде де бірнеше мағынаға ие. Жұлдыз – түнде жарқырап көкте нүктедей болып, көрінетін аспан денесі; бір нәрсенің ең озығы, майталманы, шамшырағы; бесбұрышты етіп жасалған айырым белгі. Мысалы: Türk bayrağındaki yıldız beş ışınlıdır – Түрік жалауындағы жұлдыз бес бұрышты; sınema yıldızı – кино жұлдызы; yıldızı parlamak – жұлдызы жану, мәртебесі жоғарылау. Бұл сөздің екі тілде мағынасымен қоса дыбысталуы да сәйкес. Екі тілде де сөз жуан дыбысталады. Тек сөз басындағы [ ж ] дыбысының орнына түрік тілінде [ y ] айтылады.
- Ай сөзі қазақ тілінде екі түрлі мағынадағы қолданысқа ие. Бірі – жердің серігі, түнде жерге жарық сәуле түсіріп тұратын аспан денесі, екіншісі – жылдың он екіден бір бөлігін көрсететін уақыт өлшемі, отыз күндік мерзім. Аталған сөз түрік тілінде де дәл осы мағыналарға ие. « Аү – жердің табиғи серігі; жылдың он екіден бір бөлігін көрсететін уақыт өлшемі; отыз күндік мерзім. Bu iş ancak üç ayda biter. – Бұл іс отыз күн ішінде бітеді. Ay aydın, hesap belli – айдай анық, бесенеден белгілі, ап-айқын, ay parçası – ай десе аузы, күн десе көзі бар – асқан сұлу, өте көрікті, айына жылына бір, сирек » [ 2; 64 ]. « Ай » сөзінің екі тілде дыбысталуы да, мағынасы да, қолданылуы да бірдей.
22