EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 23

Òië áiëiìi бағаланып тұрған затқа не құбылысқа қанағаттанбағанын, көңілі толмағанын байқаймыз. Ана екеуді қарашы, қандай сұлу билейді! Әне...әне!..Ой, просто прелесть! Ал сенімен мұз алаңына шығудың өзі ұят... (136 бет) Жоғарыдағы алғашқы сөйлемде кейіпкерлерге салыстырмалы түрде баға берілген. Себебі, автор алғашында екі жастың биіне көңілі толып, олардың бір- біріне жарасып тұрғанын айта келе, қасындағы адаммен оларды салыстырады. Яғни, оларды "қандай сұлу" деп бағалап, жанындағы адамға "сенімен мұз алаңына шығудың өзі ұят" деп өз ойын білдіреді. Бұны қарама - қарсы мәніндегі бағалану деп атасақ та болады. "Сұлулық" деген ұғым да өзгерді қазір. Біз қазір өмірдің іші мазмұнды, тұрпаты сәнді құбылысын сұлу деп атай аламыз. Бірақ солардың барлығы ақсақ ойдың балдағы ғана секілді. Ойды ақсатпау керек. Ойлану керек бұл жөнінде (238 бет). Бұл сөйлемде дүниедегі барлық "сұлулық" атауына жалпылай баға берілген. Яғни, жиі кездесетін адам сұлулығы емес, өмірдің сұлулығы неде, оны неден байқаймыз сынды сұрақтардың жауабын іздеген. Тек қана сәнді құбылыстар сұлу бола бермейді, әр заттың сыртына ғана емес, ішіне терең үңіліп, сұлулықты содан іздеу керек деген ойлар жатыр. Шынымен де, кейде адамдар сұлулықты, әдемілікті сырт келбеттен іздейтіні өкінішті - ақ. Себебі, нағыз сұлулық ішкі дүниеде жатады. Оны тек өзінің іші сұлу, ниеті ақ адамдар ғана байқай алады - Ал сондай қайғылы ортаны, сол ортаның мұңын ¹ 1-2 (16) 2017 арқалаған дәрменсіз өкілді өз араларыңнан кездестіргендерің бар ма? Жоқ, бұл ендеше сол лирикалық геройдың өмірде дерегі, тұрағы жоқтығын танытады. Жалған нәрсе көріксіз болады қашан да, - деп ұзақ сөйлеп барып тоқтады (221 бет). Бұл сөйлемдерде белгілі бір затқа анықтама берілген. Яғни, "жалған нәрсе" ешқашан биіктен көрінбейді, оның сұлулығы да болмайды, ол әрқашан көріксіз болады. Ал көріксіз нәрсенің ешқашан да құны болған емес, болмайды да. Міне, автордың бастапқыда берген бағасы да, айтпақ ойы да осы. Құндылықтар, баға, бағалау категорияларына ғалымдар әр кезеңде әртүрлі анықтама беріп, бірнеше топтарға топтастырғанымен, олардың ойлары мен тұжырымдары бір жерден шыққан. Адамды бағалау, дүниені ба