EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 22

¹ 1-2( 16) 2017
Баға берудің субъектісі мен объектісінің бір- біріне қатынасы арқылы жалпы бағалауыш пен жеке бағалауыш пайда болады. Лингвист- ғалымдар Е. М. Вольф пен З. К. Темірғазина баға берудің негізінде бағалауыш сөздерді классификациялауда Н. Д. Арутюнованың пікірін қолдайды [ 6,9-б ]. Н. Д. Арутюнова жеке бағалауышты мынадай категорияларға бөледі: 1. Сенсорлық бағалауыш; 2. Психологиялық баға беру( интеллектуалды / эмоционалды); 3. Сублимирлік бағалауыш Түсіпбекова Ғ. А. еңбегінде жеке бағалауыш мағына этикалық, эстетикалық, гединистикалық, утилитарлық деп бөлінді [ 2, 25-б ]. Қазіргі күнге дейін эстетикалық, этикалық құндылықтар өз маңызын жойған емес. Себебі, тәрбиенің бастауы, білімге апарар жол осы бағалаулардан бастау алмақ. Жоғарыда көрсетілгендердің ішінен біз этикалық және эстетикалық бағалауға ерекше тоқталамыз. Этикалық баға объектісі- адамды бағалауға негіз болатын әрекеттер, қылықтар. Жағымды этикалық баға этикалық норманың, яғни белгілі бір мөлшердегі ережелердің сақталуын талап етеді. Жағымды этикалық мағынаны білдіретін сөздер тобының түйінін " қоғамдық тәртіп нормаларын, мораль талаптарын сақтайтын " мағынасы бар предикаттар құрайды. Әлеуметтік тұрғыдағы моралды норма адамды бір бағытта ұстайды. Адам өзін жақсы жағынан танытқысы келсе, не істеу керек екендігін алдын ала жоспарлайды, өзіне өзі нұсқау береді.
Керісінше, жағымсыз этикалық бағаны мынадай предикаттар білдіреді: адамгершілігі жоқ, рақымсыз, әдепсіз, азғын, бұзық, ардан безген, арсыз, сұмырай және т. б. Мысалы, Гүлшаттың осы бір пиғылынан Инеш өзіне деген жанашырлық, жақындықты сезді. Қайрат, төзімділігіне таңырқанды.( 15- бет). Инеш Гүлшатқа сондай разы болып қалды. " Ай, Гүлшат- ай, қандай жақсы, қандай әділсің сен!"( 50-бет). Өзі ақжарқын, тамаша адам екен.( 58-бет). Бұл сөйлемдерде адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер бағаланады. Бағалау мағынасы " жанашыр ", " әділ " лексемалары, " қандай жақсы ", " ақжарқын, тамаша " сияқты синтаксистік конструкциялар арқылы берілген. Кейіпкер өзіне деген ыстық ықыласты сезіп, құрбысынан ондай іс- әрекетті күтпей, таңқалып тұрғанын байқаймыз. Өмірдегі барлық адамдардан көңілі қалып, ондай жанашырлықты күтпеген кейіпкеріміздің әлемде жақсы жандар бар екендігіне көзі жеткендей. Бірде Гүлшат- " аса тату тұратын жұбайлар. Еңлік керемет ақылды әйел " дегенді естіп қалды. Сол сөз есіне түсті. Сондай бір жылылықпен қайта қарады. Жақсы киінген. Дөңгелек жүзіне әсем жарасқан шляпасының артынан шоқпардай болып қара шашы көрінеді. " Жазып жіберсе өкшесіне түсер- ақ "- деп ойлады( 170 бет). Бұл сөйлемде этикалық бағалау мен эстетикалық бағалау қатар келген. Ақыл- әйел адамзатының ең биік баға жетпес байлығы. Тек ақылына көркі сай әйелдер ғана дүниенің төрт бұрышын өзіне қарата білген. Жоғарыдағы сөйлемде де әйел баласының ақылдылығына, оның сырт келбетіне жақсы( оң) баға берілген. " Әйел көркі- шаш " демекші, кейіпкердің шашы ұзын болғанын да байқаймыз. Жұрттан оқшауырақ Манап тұр. Ол бұған сондай жеккөрінішті көрінді. Гүлшат теріс айналды( 175 бет). Әнеугі күннен Манаптың басына жалғыздық келіп түсті. Құдды бір қылмысты адамдай, жасағанға жазып қалды. Жұрт көзіне де көріне алмады. Бұрынғы жолдастарының бәрі де теріс айналып кеткендей. Екі студент әңгімелесіп тұрса дәл осы Балғабаевты сатылғыш деп сөгіп, жамандап тұрғандай көрінеді бұған( 190 бет). Сатқындық- адам бойындағы ең жаман қасиеттердің бірі. Оның бірнеше түрі болады: ақшаға сатылу, бірін- бірі сату, достықты сату, туған жерін сату секілді. Жоғарыдағы сөйлемде адам бойындағы жек көру сезімі мен
Òië áiëiìi
сатқындыққа баға берілген. Яғни, Манап сынды студенттің өзге студенттерден ерекшеленіп, ұстазға жақын болуы, әділдікті таңдамай билік басындағы адамға жақын болуы, достарының жеккөрінішін туғызып, сатқын аталуына себеп болды. Сол себептен де бұл кейіпкерге автор жағымсыз, кері баға бергенін көреміз. Қазір махаббаттың күреспен ер жетуі шарт емес. Өйткені, махаббат- өмір де, өмір- махаббат. Өмір махаббатқа ерік берді, адамгершілік берді. Ал махаббат өмірге жақсы сезімін, тазалығын берді. Бақытты жастық шағын берді( 230 бет). Бұл сөйлемдерде дерексіз заттар өмір мен махаббатқа жақсы жағынан, жағымды( оң) баға берілген. Оны " адамгершілік ", " жақсы сезім ", " тазалық " сынды лексемаларынан байқаймыз. Этикалық бағалау тек адамды бағалауда ғана қолданылмайды, сонымен қатар оны дүниедегі жанды- жансыз заттарға баға бергенде де пайдаланамыз. Әккілігі жоқ, аңғал, адал көңілдің, жүрегіме бала жасымнан ұйып, ұялаған арлылықтың сөзін айттым. Адалдық, тазалық, шыншылдық, туралық- емшек сүті, мектеп өнегесі, әскер тәрбиесімен бойға сіңген қасиетім ғой менің( 256 бет). Меңтайдың көз қызығып, көңіл сүйсініп, тамаша етерлік сырт тұлғасына ішкі адамгершілік парасаты қосылғанда адамды адамды тебірентпей, тербелтпей қоймайтынын енді ғана білгендей болдым( 267 бет).
Сұлулық аймағы- эстетикалық аймақ. Мұнда құндылықтар " әдемі / ұсқынсыз " терминдерімен анықталып, адам өзі тудырған немесе адамның сол заттар немесе құбылыстарға байланысты туындаған ойларының бақылау әлеміндегі бағалау көрінісі. Бұл бағаның объектілері эстетикалық құндылықтар болып табылады. Зат пен құбылыстың эстетикалық талаптарды қанағаттандыру // қанағаттандырмау қабілеттері түрлі деңгейде көрініс табуы мүмкін және осыған байланысты эстетикалық баға жағымды не жағымсыз сипатта болады. Мысалы, Мәуленнің осы ойын Инеш алдын ала сезгендей, өз қаласын арашалай сөйледі:- Қалалар тарихына қарасаң, ғасырлап өседі. Ал біздің елдің қалалары айлап, жылдап өсіп жатыр. Бұл- факті. Алматының келешегі зор. Жаманның бәрі сырылып, сәндік пен сұлулыққа жол беріп келеді ғой.( 21-бет). Қарсы беттегі қара диванда екеу отыр. Үстінде " спортшы " деп аталатын көнетоз костюм киген жас жігіт барынша зор дауыспен қасындағы сәнді киінген біреуге қарап сөйлеп жатыр.( 25-бет). Әйтеуір кешегі кештен бері соның түрі Мәулен есінде айқын қалған. Аласа бойлы, балуан денелі, қара көзді, келбетті қара жігіт. Үстіңгі бір күрек тісі қатарынан қырындай бөлек шығып, көзге бірден шалынады.( 29-бет) Ал бұған қарама- қарсы мағынаны, жағымсыз мағынаны білдіретін де бағалаулар бар. Мысалы, Алматының бірінші станциясы оған ұнамайтын еді. Көшелері қисық, үйлері сәнсіз. Сыртын сары бояумен сылаған бір қабат аласа ғана вокзал тасқын судың жолына ұстаған жеңіл- желпі бөгеудей ғана. Мыңдаған адам қалаға келіп, соншасы аттанып жатады.( 21- бет). Айтылған сөйлемдерде заттар жағымды / жағымсыз тұрғысынан бағаланған. Алғашқы сөйлемдерде қалаға берілген жағымды, қанағаттану деңгейіндегі бағаны көреміз. Сол арқылы адамдардың болашағы бар, зор қалада өмір сүріп жатқанын да елестете аламыз. Жамандықтың бәрі жойылып, алда тек жарқын болашақ, жақсылық қана күтіп тұрғандай... Сонымен қатар, адамның киім- кешегін, оның бет- әлпетін жақсы жағынан бағалаған. Жазушы қолданысындағы бағалау категориясы арқылы жігіттің түр- түсін, денесін, киімін көз алдымызға еркін елестете аламыз. Яғни, жазушы қолданысындағы заттар, адамзатты, дүниені бағалау қаншалықты айқын, дәл, нақты болса, оқырман өзін құдды бір сол әлемнің ортасында жүргендей сезінеді. Ал соңғы сөйлемдерде осы айтылғандарға қарама- қарсы жағымсыз баға беріледі. Оны мынадай предикаттар білдіреді: көріксіз, қисық, сәнсіз. Осы лексемалар арқылы адамның
20