EURASIAN EDUCATION №1-2 2017 | Page 21

Òië áiëiìi
¹ 1-2 ( 16 ) 2017
Мақалада бағалауыштық мағына қазіргі қазақ тіліндегі тілдік категория ретінде сипатталады . Бағалау категориясы семиотика мен аксиологиялық теория шеңберінде қарастырылады . Мақала авторы көрсеткендей , зерттеліп отырған тілдік бірліктерді когнитивтік және функционалдық тұрғыдан зерделегенде ғана бағалауыштық семантикаға байланысты тілдік аймақты толық түсінуге қол жеткізіледі .
В статье представлено описание оценочности как языковой категории в современном казахском языке . Категория оценочности рассматривается в рамках семиотики и аксиологической теории , дается обоснование аксиологического подхода к изучаемым лингвистическим явлениям . Как показывает автор , когнитивный и функциональный подходы к изучению языковых единиц способствует более полному проникновению в область языка , связанному с оценочной семантикой .
БАТЫРҒАЛИЕВА АҚМАРЖАН СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Л . Н . Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты , Астана қ .
The article describes evaluation as a linguistic category in the modern Kazakh language . The category of evaluation is considered within the framework of semiotics and the theory of axiology . As the author shows , cognitive and functional approaches currently observed in the analysis of language units promotes a complete penetration into the language , connected with the semantics of evaluation .
ЖЕКЕ БАҒАЛАУЫШ МАҒЫНА : ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒА ОБЪЕКТІСІ
Адам өмірінде құндылықтар табиғи , мәдени , танымдық , этикалық , эстетикалық болып келеді . Тіл арқылы сөйлеуші адам құндылықтар әлемінде өз орнын тауып , басқа да субъектілермен байланыс орнатады . Оның барлығы баға , бағалаумен тікелей байланысты . Әр адамның қоршаған орта , құбылыстар , іс - әрекеттер , мінез - құлық туралы түсініктері әртүрлі болады . Әркім іс - әрекеттерге , мінез - құлыққа , құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше , өз түсінігі шеңберінде баға береді . Мәселен , құралайды көзге атқан деген тұрақты сөз тіркесі адамның мергендігін , яғни бағытталып айтылған адамға жағымды баға беріп , мақтау мәнінде қолданылады . Сол сияқты төрт түлігі сай адам немесе мал біту деген сөз тіркестері байлық , бай , баю мағыналарын береді . Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік малмен өлшегендігін көруімізге болады .
Алғаш рет баға туралы анықтамалар Аристотель еңбектерінде кездеседі . Оның ойынша , баға категориясын сипаттау үшін , алдымен бағаны қабылдауға қабілетті объект түрлерін көрсету керек , екіншіден баға мәнін беретін сөздерді табу керек , үшіншіден баға предикатының мағынасын аша білуіміз қажет . Біз бағаны категория деп атап жатырмыз . Ендеше бағалау категориясына тоқталмас бұрын , алдымен категория ұғымын анықтап алайық . Лингвистикалық түсіндірме сөздікте категория сөзіне мынадай анықтама келтірілген : " Категория - кең мағынасында - жалпы қасиетке ие болатын тілдік элементтің кез келген тобы . Тар мағынасында - бірыңғай тілдік бірліктердің жиынтығы , мыс ., етіс категориясы , есім категориясы , септік категориясы " [ 1 , 46-б ].
XX ғасырдан бастап бағалау категориясы тіл білімінің зерттеу нысаны бола бастады . Қазіргі қазақ тілінде баға , бағалау , бағалауыштық мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ . Орыс тіл білімінде Н . Д . Арутюнова , Е . М . Вольф , А . А . Ивин , В . И . Шаховский , А . А . Уфимцева еңбектерінде қарастырылса , қазақ тіл білімінде А . Байтұрсынов , К . Аханов , І . Кеңесбаев , Ә . Қайдаров , Б . Момынова , Б . Қасым сынды ғалымдар кеңінен сөз еткен . Е . М . Вольф болса , бағалауыштықты логика - семантикалық құрылымы синтаксистік қызметімен қабыспайтын модальдық қалыпқа жатқызады . Лингвистикалық терминдер сөздігінде " бағалау " ұғымы
О . С . Ахманованың пайымдауынша , " Оценка - ... суждение говорящего , его отношение - одобрение или неодобрение , желание , поощрение и т . п . - как одна из оснавных частей стилистической коннотации " [ 2 , 6-б ]. Қ . Есенова мынадай анықтама ұсынады : " Баға не бағалай сөйлеу салты дегеніміз-сөйлеушінің нысанаға алған нәрсе жөніндегі мақұлдау , қарсылық , ықылас не тілек т . б . түріндегі көзқарасын білдіретін пайымдауы , стильдік қосымша мағына мен мағыналық реңктің негізгі бір түрі "[ 3 , 104-б ].
Логика ғылымында бағалауышты салыстырмалы және абсолютті , жалпы және бағалауыш деп бөліп қарастырады . Салыстырмалы баға " өте жақсы ", " нашар ", " тең бағалы " деген ұғымды , абсолютті баға " жақсы ", " жаман ", " немқұрайлы " деген ұғымды береді . Жалпы бағалауыш мағына заттың барлық қасиеттеріне жалпы баға берсе , жеке бағалауыш мағынада объект бір ғана аспект тұрғысынан бағаланады . Тіл білімінде бағалау туралы ғалымдардың пікірі көп . Лингвистердің топтастыруы әртүрлі болғанымен , бірақ барлығы да бір нәтижеге келіп тоқталады : " Бағалау дегеніміз - нақты бір затқа қатысты қызығушылық , ұмтылыс және баға беру , сынау ". Бағалаудың бір түрі жеке бағалауышқа тоқталып өтсек . Жеке бағалауыш үшін ең негізгісі - бағалауыштың себебі . Ол тілдің әрі индивидуалды , әрі әлеуметтік стереотипінен шығады . Жеке бағалауышта зат не сыртқы көрінісіне қарап , не моралды тұрғысына қарап , не пайдалы жағына қарап бағаланады . Жеке бағалауыштың жүзеге асуы оның лингвистикалық классификациясына тығыз байланысты . Фин ғалымы Г . Х . Вригт жеке бағалауыштың 6 түрін белгілесе , Н . Д . Арутюнова мен Т . В . Шм елева 7 түрін , Е . М . Ем ельяненко 8 түрін , Е . И . Диброво 5 түрін көрсетсе , Г . Ф . Гибатова 4 түріне тоқталады [ 4 , 141-б ].
Лингвист ғалым Е . И . Диброво жеке бағалауыш мағынаның төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді : 1 . Эмотивті баға 2 . Этикалық баға 3 . Интеллектуалды баға 4 . Нормативті баға 5 . Квалификативті баға ( сапалық / сандық ) баға
[ 5 , 123-б ].
19