Òië áiëiìi
¹ 1-2( 16) 2017
- Тіліміздегі балық сөзінің берер мағынасы – суда өмір сүруге бейімделген жануарлар екені анық. Түрік тіліндегі balık сөзінің де мағынасы осы. Тіпті дыбысталуында да өзгешелік жоқ. Бұл сөзге қатысты сөздіктердегі қолданыстарды атар болсақ: балық майы – balık yağı; балық аулау – balık avlamak т. б. Сондай-ақ, екі тілді орысшатүрікше сөздікте балық сөзіне қатысты көптеген тілдік қолданыстар мысалға келтірілген: істің ақырына жету – balığın bel kemiğini bulmak; балық ауға түскен соң ғана ақылды болар – balık ağa girdikten sonra aklı başına gelir; балық басынан бүлінеді – balık baştan kokar т. б. [ 2; 56 ]
- Қазақ тілінде қасқыр сөзі – жыртқыш аң атауы. Тілімізде бұл аң түрінің өзге де атауы бар. Ол – бөрі. Түрік тілінде де бұл аңның екі атауы бар. Бірі – kurt, екіншісі – börü. Ал қырғыз тілінде карышкыр және бөрү. Біздің тілімізде қасқыр сөзі жиірек қолданылады. Ал бөрі сөзі ол қасқырдың жағымды атауы. Екі тілде де бөрі сөзі әрі дыбысталуы әрі мағынасы жағынан сәйкес.
- Киік – сөзі жұптұяқты түз жануарының атауы. Және тілімізде бұл сөздің өзге берер мағынасы да жоқ. Түрік тілінде де geyik сөзі бар. Аталған сөз екі тілге де ортақ. Дыбысталуы да ұқсас. Мысалы: киік мүйізі – geyik nuzu; киік аулау – geyik avı, geyik boynuzu – бұғы мүйізі, dişi geyik – аналық бұғы т. б.
Бір зат, нәрсе немесе құбылысты басқа бір зат, нәрсе, құбылыс арқылы тану, ажырату үшін алғашқы заттың түрлі белгілері, қасиеттері адам санасында бейнеленіп, жаңа туынды мағына жасалып, екінші бір заттың атауы пайда болады. Көлем өлшемдерін білдіретін бір қарын май, бір мес қымыз, бір саба қымыз, астау көже, бір табақ ет, бір түйір дән, бір қап астық, бір қап бидай, бір асым ет, бір үйір жылқы, бір қайнатым шай, бір ұрттам су, бір тілім нан, бір үзім нан, бір қап, ат төбеліндей сияқты құрылымдық үлгісі ұқсас тұрақты сөз тіркестері қолданыстық образында ата-бабаларымыздың дүниетануы мен қабылдауының тілдік үлгісіндегі тұрмыстық заттық мәдениетімен байланысты халықтың білім жүйесіне сүйенген ой-тұжырымдары мен мәдени мәнділіктері жатқаны айғақ. Халықтық өлшем атаулары халықтың күнделікті өмірімен, күн көрісімен, шаруашылығымен байланысты пайда болады. Олардың көпшілігі көшпенді халық үшін зор маңызы бар – жылқы шаруашылығымен байланысты. Жылқының дене мүшелері қатысқан өлшем бірліктері де баршылық. Мысалы, қазақтар ертеде қыстыгүні жауған қардың қалыңдығын: шашадан қар кешу, аттың қара тұяғынан келу, тұсардан, тізесінен, қара қапталынан, аттың қабырғалығынан келу( биіктік, қалыңдық өлшемі) деген сөз орамдарымен жеткізсе, су тереңдігін ат бойымен өлшеген. Мәселен, аттың шашасынан, толарсақтан, тілерсектен, үзеңгіден, қабырғалықтан, ат кекілінен( құлағынан, бауырынан, бойынан) асады( келеді) деп мөлшерлеген. Халқымыздың танымында шамадан тыс, азғантай көлем мөлшерді білдіргенде-дай,-дей,-тай,- тей, жұрнақтарының жалғануы арқылы да болжам мәнді өлшемдік ұғымдар жасалынған. Мәселен, пұшпақтай, ұлпадай, алақандай. Оған қоса, тілімізде титімдей, титтей, тинақтай, тырнақтай, оймақтай, шүйкедей, бір жапырақ, бір жұлым сияқты салмақ өлшемдері ұшырасады. Түркі тілдес халықтардың қатарындағы қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай бөлігінің құрамындағы қазақ және түркі тілдерінің оғыз тобына жататын түрік тілінің тек табиғат, жан-жануар, адамға қатысты атаулары ғана ортақ болуымен шектелмейді. Оған қоса, бұл екі халық тілдеріне өлшем атаулары да ортақ болып келеді. Әрине, әр халықтың, ұлттың, этностың өлшем бірліктері бірдей деуімізге болмайды. Өлшем бірліктері атауларының ішкі мағынасы мен мазмұнында, мәнінде халықтың дүниетанымы, қоршаған ортадағы нысандардың сан алуандығы, шұғылданған шаруашылығы, материалдық тұрмыс-тіршілігінде қолданылатын құрал-жабдықтары, тұрған жерінің аймақтық ерекшелігі сияқты сан алуан сыртқы факторлардың сипаты көрініс береді. Алайда, қазақ пен түрік халықтары түбі бір туысқан халықтар болғандықтан өлшем атауларында ортақ мәселелер бар. Сондықтан да, қазақ пен түрік халықтарының тілдік қолданысында күні бүгінге дейін сақталып, қолданылып келе жатқан өзара ұқсас, ортақ нұсқалы өлшем атаулары көптеп кездеседі.
Жалпы уақыт пен кеңістіктегі кездескен нысандардың сипатын алғаш ата-бабаларымыз табиғи күйінде ұғынып түсінген, қоршаған орта мен табиғат құбылыстарындағы түрлі факторларды күнделікті өмір сүру жағдайымен етене байланыста қараған. Таңның атуы мен күннің батуы, судың сууы мен мұздың қатуы, көктің шығуы мен қурауы, заттың ұзындығы мен қысқалығы, жолдың, жайылымның, мекеннің алыстығы мен жақындығы, бір нәрсенің екіншісінен биіктігі немесе аласалығы, судың тереңдігі мен таяздығын, ауырлығы немесе жеңілдігін өзінің күнделікті шарушылығында атқарған нысандарымен анықтап, өлшеп, межелеп, сырын ұғып тани білген. Дами келе бұл құбылыстар уақыт және кеңістік өлшемдеріне айналған. Халықтық өлшемдер тым ерте кездерден қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін тіл қолданысынан шықпай өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп, баяндаудың бір тәсілі болып саналады. Бұндай өлшем атауларының қазақ және түрік халықтарына ортақ болып келуі екеуінің түбі бір екендігін дәлелдейтін айғақтардың бірі. Қазақ және түрік тілдеріне ортақ болып келетін мына өлшем атауларын жатқызуға болады: Қазақ және түрік тілдеріндегі адамға қатысты не болмаса табиғат құбылыстары, жан-жануарлар, түр-түс атауларынан бөлек өлшемге қатысты атаулар да екі тілге ортақ болып келетініне көз жеткіземіз. Аталған өлшем атауларынан басқа арпа, шымшым, мысқал, қадақ, батпан сияқты өлшем бірліктері де қолданылған. Алайда, әр халықтың тілі халықтың шығармашылығымен, әр елдің ежелден айналысып келе жатқан кәсібімен, шарушылығымен байланысты дамитыны анық. Туыстас қазақ және түрік халықтарының түбі бір түркі халқы бола тұра, екі халықтың айналысқан белгілі бір шаруашылығы сол елдерде даму дәрежесіне қарай тілдерінде қалыптасқан. Мұнымен қоса, екі халықтың екі түрлі өмір сүру салты, арада өткен көптеген жылдардың әсері, екі халықтың жақын араласатын көршілес жатқан мемлекеттердің де халық тілінің өзгеріске түсуіне тигізетін ықпалы бар. Десек те, түркі тілдес қазақ және түрік халықтарының түп тамырларының негізі бір түптен тарағанының, түркі халықтарының бірге өмір сүргендігінің, тығыз қарым-қатынаста болғандығының, араларында генетикалық байланыстың бар екендігінің және рухани мәдениет пен ойлау жүйесінің ұқсастығын берілген мысалдардан, олардың екі тілге де ортақтығынан байқаймыз. Қазақ және түрік халықтарының ұзындыққа, қашықтыққа, салмаққа, көлемге байланысты өзге де өлшем бірліктері, атаулары көптеп кездеседі. Оларды зерттеп, зерделеу бей-жайсыз қалмауы тиіс. Себебі өлшем сөздердің арасында қолданыстан шығып немесе ұмытылған, күні бүгінге дейін сақталып келе жатқандары бар. Бұл өлшемдік атауларды, ұғым-түсініктерді тану арқылы біз тарихи салт-санамызды тани түсуге мүмкіндік аламыз. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы рухани-мәдени және экономикалық қарым-қатынасты одан ары жетілдіру үшін тарихи тамырластықтың айтарлықтай септігі тиетінін анық. Этностың өткен тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тұрмыстіршілігі, мифологиялық, діни наным-сенімдерінен мағлұмат алуға мүмкіндік беретін асыл қазынаның бірі- оның тілін салыстырмалы тұрғыдан зерттеу түркі халықтарының ынтымақтастығы мен өзара ықпалдастығын арттырудың айрықша маңызды тетігі болып табылады.
23