Смағұл Садуақасовтың тарихта қалдырған ізі:
Смағұл Сәдуақасұлының өмір жолы белсенді күреске толы екені белгілі. Соның бірі ретінде жас автономияның өрімдей жас қайраткерлері елдік мұрат үшін дауыс көтеріп, елеулі күш екендіктерін танытқан 1920 жылғы желтоқсанда өткен партия жиналысындағы ұстанымын айтуға болады. Бұл жиналыстың хаттамасы әзірге көзге түсе қоймаған, тиісінше ғылыми айналымға алынбаған. Дегенмен мәні зор. Ресей Коммунистік партиясы Қазақ обкомының хатшысы Кулаковты орнынан алу туралы қаулы алғандықтан, маңыздылығына күмән туғызбайтын, өз зерттеушісін тосып тұрған ерекше оқиға.
Қазақ автономиясы жария болғаннан кейін бірнеше ай өткен соң, Орынборда орталық мемлекеттік аппараттарда істейтін жауапты қазақ қызметкерлері обком хатшысы Кулаковтың баяндамасын тыңдайды. Бұл жиын жайындағы мәлімет бізге 1920 жылғы Қазақ Республикасы Ішкі істер халық комиссарының міндетін атқарушы Дінше Әділовтің естелігі арқылы жетіп отыр. Дінше Әділов – 1917 жылғы «Алаш» партиясы Ақмола обкомының мүшесі, 1925 жылы Ұлт театрының (бүгінгі Әуезов атындағы драма театрының) іргесін Смағұлмен бірге қаласқан, кәсіби сахна өнерінің күллі практикалық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, театрдың алғашқы директоры және бас режиссері болған мәдениет қайраткері. Осы азаматтың 1928-1929 жылдары тергеу хаттамасына түскен жауаптарында аталған жиналыстың мазмұны келтірілген
6