Смағұл Садуақасов Смағұл Садуақасов | Page 5

5

Смағұл Садуақасов

Оқу-ағарту комиссары С.Сәдуақасовқа съезді ашып және оны жүргізу мүмкіндігінен айырды. Съездің алғашқы күні кешінде үйіне ор алған ол Мәскеудегі зайыбы Лиза Әли ханқызына жолдаған хатында: «Мен жаңа ғана мұғалімдер съезінен келдім. Біз оны бүгін бастадық. Съезді оқу-ағар ту қызметкерлері одағының төраға сы ретінде Байділдин ашты, үкімет мүшесі болғандығымнан ондай міндетті атқару маған жөнсіз екен, мұғалімдер съезі тым қазыналық сипат алып кетпек екен. Мен қарсылық көрсеткенім жоқ, өйткені оның пайдасыздығын байқа дым. Бірақ, оның есесіне съездің маған деген қатынасы терең толғанысқа түсір ді. Мінберге құттықтау сөзбен шыққа нымда делегаттар бірнеше минут бойы құрметін көрсетіп қол соғып тұрып алды. Ешкімге де (арасында Голощекин мен Нұрмақов та бар!) делегаттар мұн дай қатынасын білдірген жоқ. Овация! Мен моральдық тұрғыдан барлық жүз пайызға қанағаттандым, енді міне, кешегі съезді ашпайсың деген хабарды естіген күйден бүгін мүлдем басқа көңіл қошында отыр мын», - деп жазды.