БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 324

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. халқында Жеті қарақшыны таныған жеті түнде адаспас деген мақал сөз бар. Бұл мақалдың мән-мағынасы тереңде. Кейде күндіз, кейде түнде көшіп, малдың ауанын баққан қазақ халқының аспан туралы таным-түсінігі кең әрі өте терең болған. Жетіқарақшыны аспан сағаты ретінде таныған қазақ халқы оның жай-жапсарын, өзгеру сәтін жіті бағалап, жақсы зерделеген. Көне түркі, қытай және т.б. халықтардың астрологиясында жұлдыздар мен шоқжұлдыздар жаны бар құдайлар, я болмаса, аңыздық кейіпкерлер ретінде танылғаны белгілі. Мысалы, Үлкен Аюды «Большая медведица, яғни Жеті қарақшы» қытайлықтар жетіжұлдызды «князь» деп атаған. Түркілер аспандағы Тәңір ханды білсе, алтайлықтар Үлкер қағанды «Үркер хан» білген. Қазақтың есепшілері (жұлдызшылары) жеті қарақшының аспанды айналып тұратының жақсы білген. Халқымыздың поэзиялық туындыларында көнеде келе жатқан аңыздарда кездесетін жұлдыздардың атаулары молынан кездеседі. Мысалы, Қарақшы жеті жұлдыз, Босаға, Үркер, Қыран қарақшы, Үлпілдек, Сұлу сары, Ақбозат, Көкбозат, Арқан, Темір қазық, Күзетші, Қырық қарақшы, Қарақұрт, Қамбар, Қоңырқай жұлдыз, Қосақ, Қызыл жұлдыз, Есек қырған, Сары жұлдыз, Сәуір, Сүмбіле, Шолпан, Алты арқар, Көгалдай мергеннің көк шақпағы және т.б. Қазақ дастандарында жетіқарақшы туралы жыр жолдары да жиі ұшырасады: Мысалы: Жеті жұлдыз: жасапты жеті жұлдыз төбесіне, Жеті ыдыс жасады оның өресіне. Қасиетін жеті ыдысқа қосты үркердің, Біліммен сақтап таза оын есіне. Ғылыммен жеті ыдысқа дәрі толды. Өлгенде жан енетін денесіне. Күш берер жеті жұлдыз нәрестеге, Ананың жатқанында құрсағында. Қыран қарақшы (Мицар) «жеті қарақшының ішіндегі ең жарық жұлдыз». Қазақтың аңыздарында бұл қарақшылардың басшысы болып саналған. «Ай астында Айбаршын» ертегісінде жәдігөй Қыран деген қарақшының аты аталады. Үлпілдек (Алькор) «Мицардың жанында орналасқан жұлдыз». Аңыз бойынша Үлпілдек сұлуды Қыран қарақшы алып қашады. Алтай ертегілерінде Үркер хан Жеті қарақшылардың ізінен қуып отырады, ал қазақша ертегілерде керісінше, Жеті қарақшы Үркерді қуып жүреді. Үркер (Плеяды) түріктерде Үлкер, өзбектерде Хулкар, башқұрттарда Өлкәр, алтайларда Үлгер бұл шоқжұлдыздың атауы үрку етістігінен жасалған деген пікір бар. Бір жерде шоғырланған жұлдыздар үріккен қойларды елестетеді. Аңызда жеті қарақшы Үркерге тигенде, олар қашып жөнеледі, сондықтан оларды Үркер атаған екен. Ш. Уәлиханов мынадай дерек келтіреді: «Плеяды – Үркер. Киргизы заметили поступательное движение Плеяд к Большой Медведице и думают, что они преследуют семь воров, чтобы выручить свою дочь. По Плеядам киргизы узнают часы ночи и времена года» [9, 24 б.]. Еуразия жерінде тұратын халықтардың Үркерге қатысты аңыздарын зерттегенде, олардың тарихы тым тереңде жатқаның байқауға болады. Грек аңызында Үркерді Атлант пен Плейонаның жұлдызға айналып кеткен жеті 323