Вестник NOMAD LIFE № 12, декабрь 2017 nomad_life_new_12_utv | Page 15

« ВЕСТНИК NOMAD LIFE », № 12, декабрь, 2017 УСЛУГИ
Қаржы құралдары
Капитал салудың мынау сияқты тағы бірнеше тәсілдері бар: үлеспұлдық инвестициялық қорлар, акциялар, Forex, бұлар нарықтағы жағдайды үнемі бақылап отыруды, осы қаржы құралдарын басқару бойынша нақты тәжірибе мен білімді талап етеді және жоғары тәуекелдікпен қатар жүреді.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру
Капиталды сақтау мен көбейтудің және өзің мен өз отбасының тұрақты қаржылық болашағын қамтамасыз етудің баламалы тәсілі болып, өмірді жинақтаушы сақтандыру табылады. Бұл құрал сонымен қатар пайдаланудағы қарапайымдылық және ыңғайлық сияқты қасиеттерге ие. Сізден керегі, бар болғаны – өзіңізге келісті сақтандыру бағдарламасын таңдау және сақтандыру салымдарын уақытылы төлеп тұру. Сіз төлеген салымдар жинақталады және келісімшарт аяқталғаннан кейін қайтарылады, компанияның табысына қатысқан соммаға көбейтіледі. Өмірді жинақтаушы сақтандырудың басқа қаржылық құралдардан артықшылық ерекшелігі болып, өмірдің сәтсіз жағдайларынан сақтандыру арқылы қорғау табылады. Өмірді сақтандыру бағдарламасы бірінші салымнан кейін-ақ, полисте белгіленген жағдай орын алғаннан кейін сақтандырушы сақтандыру төлемін толық мөлшерде төлейтіндігіне кепілдік береді. Барлық бағдарламалар әрбір нақты клиент үшін барлық факторлар мен қалауын ескере отырып, жеке таңдалады және есептеледі. Бұл дегеніміз, сіз негізгі төлем бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қажетті максимумын таңдай аласыз, сондай-ақ оны жарақат алу, госпитализация, уақытша еңбекке жарамдылықты жоғалту, мүгедектік, күрделі дерт сияқты жағдайлардан келген залалдың қосымша орнын толтыруды таңдап, толықтыра аласыз. Жинақтарды сыртқы экономикалық факторлардың әсерінен қорғау үшін өмірді сақтандыру жөніндегі компанияда сіздің жинақтарыңыз айырбасталатын және
Орташа инвестордың сақтандыруы жоқ, өйткені бұны инвестиция деп санамайды. Жетілген инвестор сақтандыруды әлеуіетті залал қауіпінен сақтау үшін инвестициялық құрал ретінде пайдаланады.
Роберт Кийосаки
шетел валютасында сақталатын сақтандыру бағдарламаларына ие болуға болады.
НОМАД LIFE бағдарламалары
НОМАД LIFE-та осындай екі бағдарлама бар, оларға ие болып, сіз өміріңіздегі түрлі жағдайлардың орын алуына капитал жинай аласыз. Бағдарламалар бойынша сіз толтырған сомма мен жүзеге асырған төлемдеріңіз төлем жасаған күндегі ҚР ҰБ бағамы бойынша айырбасталады. « Золото Номадов »- өзіне депозит пен сақтандыру затының мүмкіндіктерін қатар алып жүретін жинақтаушы сақтандыру валюта полисі, ол жинақтарыңыздың сақтығын қамтамасыз етеді және оларды экономикалық ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды « Золото Номадов » полисін мынандай жолмен алуға болады: сақтандыру салымы ретінде салатын сомаңызды анықтауыңыз, келісімшартқа қол қоюыңыз және салымды бір жолы төлеуіңіз керек. Ақшаңыз келісімшарттағы өзіңіз таңдаған мерзімге дейін сақталады және НОМАД LIFE сіздің жинақтарыңызға пайыз есептейді. Сақтандыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімді құрайды. « Валютный план » сақтандыру бағдарламасы капитал жинауға және валюта бағамының ауытқуынан сақталған кепілді табыс алуға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама бойынша салымдарды бір жолы, сондай-ақ отбасы бюджетіне салмақ түсірмеу үшін жыл сайын төлеуге болады. Сіздің жинақтарыңыз үшінші жылдан бастап Компания табысына қатысады және оларға сақтандыру дивидендтері есептеледі. Ең бастысы – екі бағдарлама да сақтандыру салымының бірінші күнінен бастап сақтандыру арқылы қорғауды ұсынады және сәтсіз жағдай орын алған жағдайда сіздің отбасыңызға ең қысқа мерзімде қаржылық қолдау көрсетеді.
Өмірді сақтандыру бағдарламалары – бұл ақша салудың кертартпалық және ең сенімді тәсілдерінің бірі. Сақтандыру нарығы мемлекетпен аса қатты реттеледі. Сақтандырушыларға кленттердің ақшаларын барынша теңгерімді және ойластырылған амалды пайдаланып орналастыруларына рұқсат беріледі. Қоржылық жоспар туралы кезкелген кітапта сіздің жинақтар жоспарыңызға сақтандыруды енгізу бойынша кеңес таба аласыз. Шетелде өмірді сақтандыру бағдарламалары капитал жинауға мүмкіндік беретін және өмірдің қиын жағдайларында отбасының қаржылық қауіпсіздік « көпшігі » болатын құрал ретінде көп сұранысқа ие. Біздің де әлеуметтік жауапты болуымызға және өзіміз бен өз отбасымызға қамқоршы болатын кезіміз келді.

« Золото Номадов » полисінің әрекет ету үлгісі

Сақтандыру салымы 3 000 долл.
Сақтандыру мерзімі 10 жыл
Жылдық тиімді мөлшерлеме 3,24 %
Төлеуге сақтандыру сомасы 4 128 долл.
15