Вестник NOMAD LIFE № 12, декабрь 2017 nomad_life_new_12_utv | Page 14
«ВЕСТНИК NOMAD LIFE», №12, декабрь, 2017
САҚТАУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУ
Қаржыны тиімді жоспарлаудың бірден
бір ережесі – өз шығындарына бақылау
жасау, шығындар барынша қысқарған,
ал табыстар өскен кезде, бос ақша пайда
бола бастайды. Дағдарыс, инфляция
және девальвация сияқты құбылыстар
қайта-қайта болып тұратын ағымдағы
экономикалық жағдайды ескерсек, біз
үшін жиған капиталды қалай сақтау және
көбейту керек деген сұрақ пайда болады.
Әрине, ақшаны үйде «матрастың астында»
сақтауға болады, бұл ыңғайлы, ақша үнемі
қол астында, оларды қайта-қайта шығарып,
рахаттанып санап тұруға болады. Бірақ бұл
қауіпсіз емес, кезкелген сәтте шақырмаған
қонақтар келіп, барлық еңбек теріңізбен
жиған-тергеніңізді тартып алуы мүмкін
ғой. Сонымен бірге, кей кезде жатқан
ақшаға қол сұғып, жұмсап жіберуден
өзіңізді ұстау өте қиынға соғады. Осындай
жағдайда ақшаны қалай сақтаған және
кімге сеніп тапсырған жөн?
Депозит
Санаңа бірден келетін ой – банкте
мерзімді депозит ашу. Депозиттердің
басты артықшылығы – қолжетімділік және
қарапайымдылық. Ақшаны аламыз, банкке
әкелеміз де салым ашамыз. Сақтаудың
осы түрін таңдаған кезде, біздің жинаған
14
01.10.2017ж.
шетел валютасында тартылған депозиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемелері
09.13 09.14 09.15 09.16 09.17
4,4 4 3,4 2,6 2
0 0,1 0,1 0,8 0,1
шартты 5,9 2,8 2,3 2,8 2,4
мерзімді, барлығы 4,8 4,1 3,4 2,6 2
1 айға дейін 2,6 1,4 1,6 0,9 0,6
1 айдан 3 айға дейін 3,4 2,5 2,2 1,9 1,3
3 айдан 1 жылға дейін 4,2 4,1 3,2 2,1 1,3
1 жылдан 5 жылға дейін 5,4 4,1 3,6 2,9 2,4
5 жылдан жоғары 6,8 5,1 4,5 3,1 2,7
Жеке тұлғалардың депозиттері
соның ішінде:
талап етілетін
олардың ішінде, мерзімі:
Ақпарат көзі: ҚР ұлттық банкі http://www.nationalbank.kz/
ақшамыз қауіпсіз жерде жататындығы,
жатып қана қоймай, пайыздар түрінде
табыс әкеліп, «жұмыс істейтіндігі» сөзсіз. Бұл
жағдайда кезкелген адам салымы бойынша
ең жоғары пайыз беретін банкті іздейді.
Теңгеде ашылған депозиттердің пайыздары
банктердің көбінде қазір айтарлықтай
жоғары және құнсызданудың жылдық
деңгейін жаба алады. Бірақ, сонымен
бірге, біздің еліміздің тұрғындарының,
өткен жылдар тәжірибесін ескерсек,
девальвацияны күту деңгейі айтарлықтай
жоғары, сондықтан халық ақшаны ұлттық
валютада жинауға қорқынышпен қарайды.
Доллардағы немесе евродағы салымдарға
келер болсақ, соңғы жылдары салымдар
бойынша пайыздар айтарлықтай төмендеп
кетті.