БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 440

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Кесте 3 – Облысқа келушілер саны (2015 жылғы дерек бойынша) [8] Аудан аты Келушілердің саны Мұғалжар 151 Хромтау 92 Шалқар 84 Алға 81 Мәртөк 74 Темір 69 Қарғалы 45 Ырғыз 40 Қобда 38 Байғанин 38 Әйтеке би 34 Ойыл 29 Облысқа келушілер саны бойынша облыс аумағына әр түрлі сапар мақсатында жалпы 775 турист келген болатын болса, туристердің 20% - ы Мұғалжар ауданына келген туристер, 12% - ы Хромтау ауданының аумағына келген келушілер, туристердің 10% - ы Шалқар ауданына келген туристер болып табылады. Аталмыш аудандар туристер саны бойынша көш бастаушы ретінде саналады. Алынған екі көрсеткіш бойынша біздер транспорт желісінің тығыздығының келушілер санына әсерін тексеріп көреміз. Ол үшін біздер қолданған тәсіл: Спирменнің рангтік корреляция коэффициент әдісі. Бұл әдіс екі белгі немесе екі профиль арасындағы корриляциялық байланыстың бағытын тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді. Байланыс есептелінуі үшін екі белгінің барлық мәндері рангіленіп, сәйкес рангілердің айырмасы анықталады. Спирменнің ранг корреляция коэффициенті [9]: = 1− ∑ ( , ) мұнда ∑ – белгілердің қабаттасқан мағынасының ранг арасындағы айырмасының квадратының жиынтық белгісі, n – жұп бақылау саны. Спирменнің рангтік корреляция коэффициенті әдісі бойынша зерттеу жұмысында жүргізілген келесі саты бұл берілген көрсеткіштерді рангтік сұрыптау болды. Кесте 4 – Аудандарды транспорт желісінің тығыздығы бойынша рангілік сұрыптау (2017 жылғы дерек бойынша) Аудан аты Транспорт Рангілік сұрыптау желісінің тығыздығы,П Карғалы ауданы 51,64 1 Мартөк ауданы 47,9 2 Алға ауданы 35,5 3 Ойыл ауданы 25,3 4 Хромтау ауданы 24,3 5 Қобда ауданы 17,5 6 Мұғалжар ауданы 15,1 7 Әйтеке би ауданы 14,1 8 Темір ауданы 7,3 9 Ырғыз ауданы 6,64 10 439