БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 439

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. Зерттеудің қорытындысы бойынша облыстың жоғары әлеуетті ауданы – Қобда ауданы болып табылады (93,3 балл), туризмнің даму деңгейінің әлеуетінің салыстырмалы жоғары деңгейдегі ауданға – Мұғалжар және Алға аудандары жатады (81-54 балл). Орташа көрсеткішті Қарғалы және Мәртөк аудардары көрсетсе (22,5 балл), қалған аймақтар төмен көрсеткішті көрсетті (2-16,8 балл). Келесі сатыдағы фактор бұл туристік орындардың транспорттық желімен қамтамассыз етілу деңгейі. Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымы су көлігінен басқа барлық көлік түрін қамтиды. Облыс аумағында еліміздегі үшінші ірі әуежай орналасқан. Бұл әуежай әуе тасымалының барлық түрлерін қабылдайды. Жылына 4000-нан астам рейс жүргізеді. Сонымен қатар облыс аумағында темір жол бекеті жұмыс жасайды. Бекет күніне 17 рейске дейін 34 бағытта жүзеге асырады [5]. Облыстың транспорт желісімен қамтамассыз етілуі өз кезегінде келушілер санына қалай әсер ететінін анықтау үшін келесі зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу нәтежиесі үшін біз екі бірдей көрсеткіш қарастырдық. Олар: транспорт желісінің облыс бойынша тығыздығы және облысқа келушілер саны. Облыстың транспорт желісімен қамтамассыз етілуі төмендегі формуламен анықталады. Ол үшін бізге аудан бойынша желінің ұзындығы, субаймақ аумағының ауданы көрсеткіштері қажет. Сонымен келесі сатыда біз облыстың транспорт желісімен қамтамассыз етілуін есептеп шығардық. Облыстың транспорт желісімен қамтамассыз етілуі [6]: П = × 1000 , мұндағы, П – транспорт желісінің тығыздығы, L – транспорт желісінің ұзындығы, S – субаймақ ауданы. Кесте 2 – Обылыстың транспорт желісімен қамтамассыз етілуі (км) (2017 жылғы дерек бойынша) [7] Аудан аты Желінің Субаймақ Транспорт ұзындығы, аумағының желісінің L ауданы, тығыздығы, П S км Алға ауданы 266,270 7507 35,5 Әйтеке би ауданы 518,635 36 800 14,1 Байғанин ауданы 367,945 61 000 6,03 Ырғыз ауданы 275,49 41 500 6,64 Карғалы ауданы 258,2 5 000 51,64 Мартөк ауданы 316,24 6 600 47,9 Мұғалжар ауданы 446,755 29 530 15,1 Темір ауданы 92,245 12 600 7,3 Ойыл ауданы 291,36 11 500 25,3 Қобда ауданы 244,8 14 000 17,5 Хромтау ауданы 312,925 12 900 24,3 Шалқар ауданы 331,67 62 200 5,3 Берілген кестеде аудандардың транспорт желісімен қамтамассыз ету тығыздығы есептелініп көрсетілді. Аудандардың транспорт желісімен қамтамассыз етілу тығыздығын есептеу нәтежиесі бойынша облыс аудандарының транспорт желісінің тығыздығының көрсеткіштері 5,3 км – 51,64 км-ге дейінгі аралықты қамтиды. Зерттеудің келесі сатысы бойынша біз келесі көрсеткіш, яғни, облысқа келушілер санын қарастырдық. 438