БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 437
БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Қостанай облысымен, оңтүстік-шығысында Қарағанды және Қызылорда
облыстарымен, оңтүстік-батысында Маңғыстау облысымен, батысында Атырау
облысымен, солтүстік-батысында Батыс Қазақстанмен шектеседі. Сонымен қатар
бұл аймақ Қазақстанның ТМД елдерімен тікелей шектесетін жалғыз облысы
болып табылады (солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,
оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан автономиялық
аймағымен). Ақтөбе облысының Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде
орналасуы географиялық тұрғыдан тиімді болып табылады. Аймақтың Ресей
Федерациясы және Өзбекстан Республикасымен шекаралас болуы өз кезегінде
туристік ағындардың осы елдерден көптеп келетініне кепілдік бола алады.
Ақтөбе облысының аудандары ішкі туризмді дамытуда өзіндік әлеуетке ие.
Облыс облыстық бағыныстағы 12 ауданға бөлінген. Көптеген аудандарда ішкі
туризмді дамытуға ықпал ететін өздерінің тарихи және табиғи объектілері бар.
Оның дәлелі туристерге қызығушылық тудыратын әртүрлі көрікті жерлер,
сәулет, тарих және табиғаттың бірегей ескерткіштері, діни нысандар болып
табылады.
Қазіргі уақытта туризмді дамыту облыс үшін өзекті мәселе болып
табылады.
Ішкі туризмді қарқынды дамытудың қазіргі кезеңінде оны мемлекеттік
деңгейде қолдау қажет. Осыған байланысты аймақта 2016-2020 жылдарға
арналған Ақтөбе облысының аумағын дамыту бағдарламасы әзірленіп, бекітілді:
- туризм объектілерінің қолжетімділігін арттыру және туризм
инфрақұрылымын дамыту (жолдарды қайта жаңарту, туристік объектілерге
коммуникация жүргізу және т. б.);
- туристік объектілерді салу және қайта құру (қайта құру, абаттандыру,
этно-ауылдар мен қонақ үйлер құру және т. б.);
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
- оқиғалар туризмін дамыту (ҚР бойынша мәдени, спорттық, ойын-сауық
және басқа да іс-шаралардың онлайн-күнтізбесі шеңберінде жыл сайынғы іс-
шаралар өткізу);
- кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру жүйесі (қонақ үй,
мейрамхана және экскурсиялық қызметтер саласында оқыту, мамандықтарды
қайта даярлау);
- туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету (ақпараттық-туристік
орталық құру, туристік бренд пен ұран, интернет портал, мобильді қосымша,
туристік карта, бейнероликтер, промо-роликтер, жолсілтегіш, кәдесый өнімдерін
әзірлеу, SMM-маркетинг);
- туристік брендті ішкі және сыртқы нарықтарда жылжыту (халықаралық
телеарналар эфирінде, авиакомпаниялардың борттық журналдарында имидждік
бейнероликтерді көрсету және т. б.).
2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе облысының аумағын дамыту
Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары
бекітілді [1].
Екінші фактор бойынша айта кететін бір жайт: Ақтөбе облысында туризм
саласына қажетті кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру әр жыл
сайын үздіксіз жүргізіледі. Өйткені туристерді күтіп алу олардың көңілінен шығу
ең алдымен кадр сапасына байланысты екені белгілі. Облыстың туризм
бағытында кадрлар дайындаумен айналысатын жоғарғы оқу орындары –
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті болып табылады. Сонымен қатар облыста жыл
сайын мемлекет тарапынан және туроператорлар экскурсоводтарды дайындау
курстары ұйымдастырылады. Бұл курстардың қатысушылары экскурсиятанудың
436