БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Seite 436

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР / НАУКИ О ЗЕМЛЕ / SCIENCES ABOUT THE EARTH ӘОЖ 338.48(574) Ғалымов М.А. – география ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті E-mail: heritage_mir@mail.ru Өмірзақова М.Ж. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты E-mail: Mira_29.95@mail.ru АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ Аңдатпа. Бұл мақала аймақтық білім алуға негізделген өлкетану бағытындағы материалдар жинағы болып табылады. Мақалада Ақтөбе облысының туризм индустриясының дамуына әсер ететін экономикалық- географиялық факторлар қарастырылған. Өңірдің туристік индустриясының даму әлеуеті есептелінді. Сонымен қатар Спирменнің рангтік корреляция коэффициенті арқылы транспорт желісінің тығыздығы мен облысқа келушілер саны арасындағы байланыстың есептелінуі көрсетілген. Тірек сөздер: туризм индустриясы, экономикалық географиялық факторлар, транспорт қолжетімділігі, Спирменнің рангтік корреляция коэффициенті, ауыл туризмі, облысқа келушілер саны Ақтөбе облысы туризм индустриясының дамуына экономикалық- географиялық факторлардың әсері өте зор. Жалпы туризм индустриясының экономикалық- географиялық даму факторларын бірнеше сатылық бөліктерге бөлуге болады. Және бұл бөліктерді еске алу арқылы Ақтөбе облысының экономикалық-географиялық факторлары негізінде туризм индустриясының даму деңгейін анықтай аламыз. Бұл факторлаға төмендегідей тізімді жатқызуға болады: 1) Қабылдаушы обылыстың экономикалық-географиялық орналасуы, қабылдаушы облыстың және ол үшін туристердің негізгі жеткізушілері болып табылатын елдердің экономикалық деңгейі; 2) Ішкі туризмді дамытып, экономиканы тығырықтан шығару үшін білікті мамандар санының болуы; 3) туристік орталықтардың транспорттық желімен қамтамассыз етілу деңгейінің туристердің санына әсері; Көрсетілген тізім бойынша Ақтөбе облысының туризм индустриясының даму деңгейіне талдау жасай отырып бірінші кезекте облыстың экономикалық географиялық орналасуы туризм дамуына ықпал жасайды. Ақтөбе облысы – Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында 300,6 мың шаршы шақырымды алып жатқан, жер көлемі бойынша екінші орынды алатын (мемлекет аумағының 11%), ірі өндірістік транзиттік аймақ болып табылады. Облыс Қазақстанның алты облысымен, солтүстік-шығысында 435