БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
Фагоцитарлық белсенділіктің жоғарлауы ІІ-топтарда - 14,22%, ІІІ-ші және
ІУ-ші топтарда 15,31-19,64 пайыз аралықтарында болып шықты. Сол сыяқты
лизоцимдік белсенділіктің көтеріліуі ІІ-топтағы (2,33%) балапан-бройлерлерде
байқалды.
Қорыта келгенде «белсендіргіш» препараты бройлерлер ағзасының
иммундық қасиеттерін көтереді. Бройлерлерді ұстайтын орындарда көптеген
сыртқы ортаның факторлары әсерлерінен тигізеді, нәтижесінде ағзаның иммундық
жүйесіне қосымша қысымдар түседі. Барлық бройлерлерді ұстайтын орындардағы
шаң-тозаңдар, түрлі механикалық дыбыстар және де басқа қалыптыдан асқан әсерлер
ағзаның тотықтырушы процестеріне әсерлерін тигізіп зыянды бос тотықтырушы
радикалдарды шығарады және липидтердің тотығу процестеріндегі реакциялардың
дұрыс жүруін бұзады, құс жасушасының ақуыз-липидтік мембранасының өткізгіштік
қасиетерін зақымдайды, стресогендік факторлар көбейеді. Тотықтырушы
радикалдардың және липидтер алмасуының бұзылуы, жалпы зат алмасу
процесстерінің қалыптылығына зыянды әсерін тигізеді.
Олай болса, «белсендіргіш» препараты бройлерлер ағзасының иммундық
қасиеттерін көтеруі мал дәрігерлік профилактикалық сақтандырудың, құстардың
денсаулықтарын физиологиялық деңгейлерін сақтаудың бірінші көзі деп
қарастыруға болады.
Тәжірибенің соңында әр топтан 5 бас бройлер сойылды, олардың ішкі
ағзаларын макро- және микроскопиялық зерттеулермен салыстырмалы түрде сапалары
анықталынды. Сыртынан көзбен анықтағанда бақылау және тәжірибелік топтардағы
бройлерлердің қауырсындық жамылғысы қалыпты физиологиялық жағдайда
(жылтырлау, таза, І-ші және ІІ-ші жабындылары жақсы жетілген) екендігі анық көрініп
тұрды. Мұрын, ауыз қуысы және көз айналарында орналасқан шырышты қабаттарда
патологиялық өзгерістер болмады.
Бақылау және тәжірибелік топтардағы бройлерлердің жүрек және қан
тамырлар жүйелері физиологиялық қалыптығын байқатты. Жүрек еттері қоңыр-
қызғылт боялған, эпикард мөлдір, эпикард астында ұлпада майлы қабатсыз.
Аорта және коронарлы тамырлары қанға қалыпты толған түрінде болды.
Барлық топтардағы бройлерлердің бауыры қоңыр түсті, қалыпты көлемді,
паренхимасы тығыздығы бірдей. Бәрінің өт қапшықтары ұлғаймаған, өттерінде
басқа қосындылары жоқ болып шықты. Бройлерлердің көкбауыр формалары
қалыпты, шет жақтары шеңберленілген, қанмен толы және бірдей түсті екені
анықталынды. Көкбауырлары өзгермеген, беткей жақтарында жаңа пайда болған
өзгерістер көрінбеді. Өкпелері қызғылт түсті, қалдық ауамен толыққан, беткей
жақтарында жаңа пайда болған өзгерістер көрінбеді. Бүйректері ұлғаймаған,
түстері қоңыр-қызғылтты, құрылымдық жағынан бірдей, зәр қышқылды диатез
анықталмады. Барлық бройлерлердің ішкі секрециялық бездері (гипоталамус,
гипофиз, эпифиз, тимус, қалқанша, қалқанша асты, қарын асты бездері, бүйрек
үсті, аталық және аналық инкреторлық құрылымдары) физиологиялық қалыпты
шектерінде, жаңа құрылған басқа құрылымдары жоқ болып шықты.
Зерттеуге алынған бройлерлердің ас қорыту жүйелері физиологиялық
қалыпты, ешқандай өзгеріссіз, ұлғаймаған түрінде болып тұрды. Ас ішек және
тоқ ішектердің шырышты қабаттарында патологиялық өзгерістер болмады.
Құстардың безді және бұлшық етті қарындары ісінбеген, жарасыз және қан
тамырларының капилярлары жарылмаған. Клоака таза және ісінбеген, шырышты
қаптарында өзгерістер анықталынбады.
Қорыта келгенде, тәжірибелік бройлерлердің ішкі ағзаларын тексеру
қорытындылары, қандарының физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштері,
макро- және микроскопиялық зерттеулердің нәтижелерін талдай келе,
402