БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
жүргізілді. Ғылыми мекемелер, аграрлық ғалымдар жоғары өнімді жаңа сортты
дақылдар шығарды. Мал тұқымын асылдандыруда бірқатар істер атқарылды.
Ауыл шаруашылығының дамуына қырсық болған жәйт, ол тек Қазақстанда
ғана емес, сол кездегі барлық Одақтас республикаларда қажетті техника мен
жабдықтарды шығарудын сапалы жүйесін жасаудағы іс-шаралардың болмағаны
Мәскеудегі партиялық Кеңес үкіметінің шовинист шенеуніктері жергілікті
жерлермен санаспай, олардың орынды пікірі және құнды ұсыныстарын
қабылдамай,
өздеріне
лайықты
ұлы
державалық
шовинистік
стратегиялықмақсатқа сай шешім шығарып жатты. Әрине, онда жергілікті жердің
табиғи-өмірлік заңдылығы, ұлттықерекшеліктері ескерілмеді. Мұндай сұрқия
саясаттың зардабы республика ауыл шаруашылығынаң қарқынды дамуына
кедергі жасады. Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру бағыты, онда ғылым мен
техниканың жетістіктерін қолдану, өндірісті одан әрі мамандандыру және
шоғырландыру-осының
бәрі
бұқаралық
мамандық
қызметкерлерінің
мамандығын жетілдіруді талап етіп қана қоймай, сонымен қатар орта буын
кадрларының міндеттері ауырлатты. Мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге
асыруда барлық деңгейдегі кадрлардың ролі және жауапкершілігі белгілі
дәрежеде арттырылмады. КСРО-ның бүкіл экономикасы сияқты, Қазақстанның
ауыл шаруашылығында да тоқырау кезеңі кең етек алды. Оның басты себебі, бұл
сала өндірісті бұрынғысынша қара дүрсін әкімшілік-әміршілдік жүйе арқылы
басқарылды. Интенсивті факторлар жүзеге асырылмады, керісінше экстенсивтік
тұғырда шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар мен өнер тапқыштардың
егіншілік
пен
мал
шаруашылығындағы
ауыр
жұмыс
үрдістерін
механикаландыруға бағытталған құнды ұсыныстары өндіріске енгізілмеді.
Сөйтіп, олардың ынталылығына жағдай жасалмады, материалдық көтермелеу
даңғаза моральдық қолдаумен (орден-медаль, грамота беру, құрмет тақтасына
жазу т.с.с.)алмастырылды. Еңбек адамдары да материалдық тұрғыдан
ынталандырылмады. Басшы кадрлар мен мамандардың іске деген жауапкершілігі
төмендеді. Олардың арасында екі стандарт берікорын алды: түрлі ресми
жиындардың міндеттерінен партияның саясатын жантәнімізбен қуаттаймыз,
тапсырмасын орындаймыз – деп кеудесін соғып сойледі. Ал практикалық іске
келгенде түбірінен басқаша болып көрінді: шен-шекпен, орден алу үшін жалған
ақпарат берілді. Жоқты бар етіп көрсету сияқты көзбояшылық жазу,
бұрмалаушылық кездесті. Партия комитеттері барлық билікті қолдарына
шоғырландырып, еңбек адамдарының, мамандардың ынта-жігерін өрістетуге
бөгет жасады. Істің ақсағанына партия комитеттерінің басшылдары ұзақ жылдар
бойы сол орнында отырсадаешқандай жауапкершілікке тартылмады. Баспасөз,
демагогияға салынды, үсті-үстіне қаулы-қарарлар қабылданды, бірақ өкінішке
орай олар қағаз жүзінде қалып қойды. Сөйтіп жүргенде, ауыл
шаруашылығындағы жағдай ауырланаберді, халықты азық-түлікпен жабдықтауға
өрескіл кемшіліктер орын алды.
Ауыл шаруашылық техникасы, химия,
мелиорация және басқа мекемелердің кәсіпорындары ауыл мен деревняны
«тонады»деп айтуға болады. Міне, мұның бәрі ауыл шаруашылық өнімдерінің
өзіндік құнының өсуіне, ауыл шаруашылығында пайда мөлшерінің азаюына,
ауыл- село еңбеккерлерінің материалдық ынтасының төмендеуіне әкеп соқты.
Қазақстанның қайсыбір обылыстарының совхоздар мен колхоздарына жерді
пайдалануда кемшіліктер жіберілді. Мұның өзі шаруашылықтарда өндірілетін
өнім мөлшерін ауа райы жағдайына тәуелді етті. Мемлекет белгілеген шаралар
колхоз, совхоз еңбеккерлерін тарапынан қолдау тапты және алғышқы кезде
совхоздар мен колхоздардың шаруашылық қызметі жандандырылды. Алайда,
аграрлық салада күткен бетбұрыс болмады. Алғашқы кезде жарияланған және
жоспарланған нәрсенің көпшілігі жүзеге асырылмай қалды. Осыған қарамастан,
287