БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 238

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. зерттейді [17]. Ғалым неологизмдерді полисемантикалық сөздердегі жаңа мағынаның когнитивтік тетіктеріне талдау жасау арқылы түсіндіреді. Л.В. Черепанова [18] мен Л.Ю. Касьянованың [19] жұмыстары неологизация процесін когнитивтік-дискурстық тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Бұл зерттеулерде неологизм әлеуметтік-мәдени жағдаяттарға тікелей тәуелді ерекше әлеуметтік болмыс ретінде дискурспен тығыз байланыста қарастырылған. Ғалымдардың пайымына сүйенсек, неологизация – кешенді когнитивтік- дискурстық процесс және халықтық құндылық бағдарының, тілдік сананың, мәдениет пен рухани-практикалық әрекеттің өзгеру ерекшелігіне сәйкес тілдің лексикалық жүйесінің жаңғыруына / толығуына бағытталады. Неологизм – когнитивтік-дискурстық тұрғыдан игерілген болмыстың ерекше өнімі. Қазақ тіл білімінде неологизм құбылысының танымдық / когнитивтік сипатын зерделеу енді қолға алына бастады. Бұл бағыттағы зерттеулердің бастауы ретінде терминдердің танымдық ерекшеліктерін ашуға бағытталған еңбектер аталады. Себебі бұл сабақтастық «терминжасам үдерісін неологизация заңдылықтары мен тілдің лексикалық және терминологияның даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген жағдайда қажетті термин жасау үшін әрқашан оңтайлы жол табуға болады» деген тұжырыммен бағалауға болады [20]. Қазақ терминологиясының ғылыми мәселелері қазақ тілтанымының көшбасындағы А. Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлы, Ш.Біләл, С.Ақаев, Қ.Айдархан, С.Исақова т.б. еңбектерінде әр қырынан зерттелді және бұл ретте терминнің танымдық сипаты зерттеу нысанынан тыс қалған жоқ. Тілдегі неологизмдердің когнитивтік аспектіде зерттеудің бағыттарына қатысты пікірлерді алға шығарып, оларды қорытуымыздағы басты мақсат – қазақ неологиясы мен неографиясының және қазақ тілтанымы үшін когнитивтік неологияның жаңа сала екендігін ескере отырып, осы саланың саяси, мәдени, ұлттық, сондай-ақ білім беру факторларына тікелей байланысты екендігін тұжырымдау. Әрине, қазақ неологиясының жай-күйімен салыстыра қарағанда, әлемдік лингвистикада, оның ішінде орыс тіл білімінде неология мәселесі туралы көзқарастар әбден дәйектелген және бұл мамандарға жақсы таныс, көптеген тілдердегі зерттеулерде әлемдік деңгейдегі тұжырымдар басшылыққа алынады. Қорыта айтқанда, тілді когнитивтік аспектіде қарастыратын зерттеулерде неологизм адам санасының шығармашылық жұмысының нәтижесі ретінде талданады. Демек неологизмдерді фреймдік талдау, когнитивтік модельдеу, когнитивтік-дискурстық талдау, лексикографиялық деректердің когнитивтік интерпретациясы және т.б. әдістердің көмегімен зерттеп, метафора, метаномия, метафтонимия құбылыстарын когнитивтік аспекті түсіндіру арқылы сипаттауға болады. Неологизмдерді когнитивтік аспектіде зерттеуге арналған бірқатар еңбектерге жасалған шолу қазіргі ғылыми парадигмада жаңа сөздерді зерттеу проблемасы өзекті екендігін және бұл құбылысты жаңа шеңберде зерделеу талабының бар екендігін танытады. Әдебиеттер: 1. Намитокова Р.Ю. Авторские неологизмы: словообразовательный аспект. – Росто-на-Донув: Изд-во Ростовского ун-та, 1986. – 160 с. 2. Котелова Н.З. Первый опыт лексикографического описания русских неологизмов // Новые слова и словари новых слов. – Л., 1978. – С. 8–14. 3. Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. Ғылыми танымдық зерттеу. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 272 б. 237