БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 234

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ӘОЖ 811.512.122’373 Алдашева К.С. – философия докторы (PhD), М.Өтемісов атындағы БҚМУ E-mail: kama_kz89@mail.ru НЕОЛОГИЗМДЕРДІ КОГНИТИВТІК АСПЕКТІДЕ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ Аңдатпа. Зерттеу ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалатын «Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдердің қалыптануы: когнитивтік және лингводидактикалық аспектілер» деп аталатын жоба нәтижелерін қорытындылауға бағытталған. Қазіргі кезеңде қазақ әдеби тілінің динамикасында жаңа сөздерді / неологизмдерді жасау үшін сөзжасам модельдерінің барлық мүмкіндіктері айқындалған және олардың жалпы сипаттамасы, тиімділігі мен икемділігі сөзжасам бойынша еңбектерде жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған. Сөзжасам модельдерінің қатарында қазақ тілінің семантикалық тынысын (төл сөздердің қайта жаңғыруы) игеру арқылы жасалған жаңа сөздер айрықша орын алады, олар өздеріне тән күрделі, лингвистикалық, лингвомәдени және сыртқы факторларға байланысты ерекшеліктері бойынша қалыптану және нормалану тұрғысынан жете зерделеуді қажет етеді. Мақалада жаңа сөздерді когнитивтік аспектіде зерттеуге арналған ғылыми еңбектер талданады. Тірек сөздер: неологизм, когнитивтік лингвистика, когнитивтік неология, когнитивтік дискурс. Ұзақ уақыт бойы неологизмдер дәстүрлі ғылыми парадигманың шеңберінде қарастырылып келді. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап сөзжасам мен лексикологияның аясында қарастырылса, қазір лексиканың инновациялық корпусына қатысты проблемалар тілтанымның жаңа аспектілермен байланыстырылып келеді. Тілдің қазіргі даму сатысындағы неологизация процесінің қарқынды сипаты жаңа сөздердің пайда болуы мен қолданысына қатысты проблемалардың шешімін табуда айрықша мүмкіндіктерді ұсынып отырып. Бұған қазіргі лингвистикалық әдебиеттердегі лексикалық инновациялардың жаңа аспектілерде қарастырылуы дәлел бола алады. Лингвистикалық ғылымның қазіргі даму сатысы неологизмдердің пайда болу тетіктерін зерттеудің өзгеше тәсілдерінің сипатымен ерекшеленеді. Осымен байланысты неологизация процесін зерттеуде адамның рухани-практикалық қызметін, құндылықтар жүйесін, жеке адамның санасына айтарлықтай ықпал ететін, жаңа сөздердің пайда болуына түрткі болатын қоғамдық-саяси мәдениеттің сипатын ескермеу мүмкін емес. Лингвистиканың қай кезеңінде де, тіл тарихының қай сатысында да неологзимдерге қатысты мәселе өзінің өзектілігін жойған жоқ. Тілді тірі ағза ретінде тану ең алдымен оның динамикасымен, сөздік қорында орын алатын өзгерістермен тілкелей байланысты. Қандай бірлікті және мағынаны «жаңа сөз» ретінде тану және осы ұғымға сыйдыру керектігі туралы мәселе – ғалымдар арасында ұзақ уақыт шешімін таппаған сұрақ. Себебі жаңа сөзге анықтама беруде шектес терминдердің ауқымы өте кең, атап айтқанда: неологизм, окказионализм, жаңа атаулар, инновация, лексикалық жаңалық және т.б. Мысалы, Р.Ю. Намитокова «новообразование» мен «неологизм» терминдерін 233