БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ ЗКГУ. Вестник, 1-2019 | Page 195

БҚМУ Хабаршы №1-2019ж. ӘОЖ 82-1- 087. 5(574) Мүтиев З.Ж. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ E-mail: zinulla_mutiev@mail.ru Мұхамбетова Ж.Ө. – педагогика ғылымдарының магистрі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ E-mail: janim.03.95@mail.ru Ақболатов А.А. – педагогика ғылымдарының магистрі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ E-mail: aidarbek_akbulat@mail.ru ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ – БАЛАЛАР АҚЫНЫ, ТАБИҒАТ ЖЫРШЫСЫ Аңдатпа. Мақалада әдеби өлкетанудың көрнекті өкілі, ақын, қайраткер Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына талдау жасалады. Суреткердің балалар ақыны боп қалыптасу жолдарына барлау жүргізіледі. Ақынның табиғат лирикасын тудырудағы көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдарын қолдану амалдары қарастырылады. Тірек сөздер: балалар ақыны, көркем әдебиет, табиғат лирикасы, анафоралық тәсіл, эпифоралық әдіс, айшықты тіркестер. Қадырдың көркем әдебиеттегі аяқ алысы балалар ақыны боп қалыптасуынан басталады. Тұңғыш жинағы «Көктемнен» (1959) старт алған бастама «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене қожанасырлар» (1961), «Ноян қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964), «Шымыр жаңғаққа» (1984) барып бас тіреді. Қадырдың балалар ақыны боп қалыптасуы өткен ғасырдың 50 жылдар аяғынан 60 жылдардың бел ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Ел-жұрт, оқырмандар қауымы да алғашында Қадырды балалар ақыны есебінде таныды. Қадырды туа біткен ақындар қатарына жатқызамыз. Алғашқы тырнақалды туындысымен-ақ шеберлік нәшін көрсеткен ақынды, оның шығармашылығын терең зерттеуші академик З. Қабдолов оңды байқап, атап көрсетеді. «Дәлірек айтқанда, Қадырдың қадірі – мықтылығында. Мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібіртіксіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай бірден кәнігі шебер қалпында келді. Мұны біз тұңғыш рет Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында танып-білген едік» [1, 4 б.] - дейді әдебиетші ғалым. Айтса айтқандай тырнақ алды жинақ «Көктемдегі» өлеңдер ішінен, «Көктем» өлеңі таза кейіптеу үлгісінде көзге түседі. Мәселен: Қарайып жарқабақтар күн ыстаған, Қырдан қар төмен қарай жылыстаған. Тосады жалпақ дала күнге жонын, Денесін жазайын деп құрыстанған. Ала бұлт аспанның бір қабатындай Ақырын төмендейді қонатындай Күміс бу жер бауырлап қозғалады, Көктемнің ұшып келген қанатындай [2, 13 б.] - деп келетін жыр жолдарынан эпитет (жалпақ дала, ала бұлт, күміс бу) пен теңеу (қабатындай, қонатындай, қанатындай) өзара ұжымдасып кейіптеу туғызуға ілік болған. Бес шумақтан тұратын өлеңнің өн бойынан метафора (көктем-ұл, жал-қыр) да, антоним (аға-іні) де, синоним (алуан ырғақ, алуан үн) де өз орнын алып, баршасы жабылып, жарыса бірлесіп кейіптеуге: («сергиді жалқау дала жаңғырығы», 194