БҚМУ Хабаршы №1-2019ж.
ӘОЖ 377
Қарсыбаева Р.К. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор м.а.,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
E-mail: [email protected]
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Аңдатпа. Мақалада Абай Құнанбаев шығармаларының тәрбиелік маңызы
туралы айталады. Ұлы ақын өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше
көңіл бөліп, ой тұжырымдарын өзінің шығармалары арқылы бейнелей білген.
Абай шығармалары адамгершілікке, кішіпейілдікке, өз елінің патриоты болуға
тәрбиелейді. Оның туындылары адам мінезіндегі жаман әдеттердің ақыл мен
ойды тоздыратынын айта келе, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу,
жамандықтан бойды аулақ ұстау, ұстамды болу сияқты қасиеттерін
көмектеседі. Автор Абай Құнанбаевтың қызықты, мазмұнды, балалардың ой
санасына, түсінігіне жеңіл етіп жазылған шығармаларын ғылыми тұрғыдан
жан-жақты талдаған. Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа
тәрбиелеуде олардың педагогикалық мүмкіндіктерін аша білген. Патриоттық
сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер,
табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі
тамаша киелі орындар.
Тірек сөздер: патриоттық тәрбие, Абай шығармалары, ұлттық тәрбие,
адамгершілік, табиғат, жас ұрпақ.
Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізгілік, имандылық тұрғыда
өмір сүріп, шығармашылықпен еркін еңбек ете алатын, бәсекелестікке бейім,
өмірге икемділігін, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды тұтастықта
меңгере алатын және өзін-өзі дамыта алтын, патриоттық сезімі қалыптасқан жаңа
азаматы тәрбиелеудің қажеттілігі туындауда.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның
мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи
ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне
жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің
қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын, жеке
тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік
құбылыс.
Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік қасиет, оның
еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке
қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттып қолдауын пайымдайтын сезім
көрсеткіші.
Отан – бұл халық. Халық – бұл адам. Адам сүю, оған жақсылық жасау,
жанашыр болу – адамгершіліктің белгісі. Отаншылдық көз жетпейтін көне
ғасырлардан келе жатқан құндылық. Қай ғасырда болмасын патриоттық тәрбие
мәселесі назардан тыс қалып көрген емес.
Батырдың рухын көтеру, олары жігерлендіру халыққа кеңінен танымал
болған ақын-жырауларымыздың дәстүі болған. Солардың бірі – Ақтамберді
жырау. Бабамыздың жыр толғаулары елді бірлікке топтасуға үндейді. Оның
Отансүйгіштікке бағытталған жыр жолдарын естіген қай жауынгер болмасын
18