БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 71
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
ӘОЖ 37.091.39:378
Ниязбекова А.Б. – химия ғылымдарының кандидаты, доцент,
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
E-mail: [email protected]
Назарова Д.С. – магистр, аға оқытушы, Жәңгір хан атындағы Батыс
Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
E-mail: [email protected]
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА БЕЛСЕНДІ ФОРМАЛАРЫ
МЕН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі уақытта жоғары мектеп алдына
қойылған мақсаттарға оқу процесін ұйымдастыруға, оқытудың дәстүрлі
және жаңа әдістерін үйлестіруге шығармашылық көзқарас арқылы ғана қол
жеткізуге болатыны, оқыту әдістері мамандарды даярлау нәтижелеріне
елеулі әсер ететіні зерттелді. Жоғары оқу орындарында оқытудың белсенді
әдістерін қолдану қажеттілігі, оқыту сапасы оқу процесінің тиімділігіне,
оқыту әдістемесіне, оқытушының студенттерді өз пәнімен қызықтыру
қабілетіне байланыстылығы, тиімді оқу процесі үшін біздің университеттің
көптеген оқытушылары өз сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін
енгізу, олар күнделікті оқу іс-әрекетіне, ойын-сауық элементтеріне
әртүрлілікті әкеледі және пәнге деген қызығушылықты дамыту туралы
қарастырылды. Оқу үрдісінде оқытушы мен білім алушылардың рөлі
анықталды.
Тірек сөздер: оқытудың белсенді әдістері, дискуссия, диспут,
компьютерлік технологиялар, педагогикалық эксперимент.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, іздемпаз
жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн білім ордасы алдында тұрған
басты міндет – өзіндік айтар ой – пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат
тәрбиелеп шығару.
Уақыт алдыға жылжыған сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен
әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Уақыт талабына сай жан – жақты
білімді азаматтар тәрбиелеп шығару оқытушылардың алдында тұрған үлкен
міндет.
Білімді қалыптастыруда ерекше рөл білім беру қызметіне жатады, оның
барысында адам өзі өзгереді және өмірлік қиын міндеттерді шешуге қабілетті
болып табылады.
Әрбір білім алушының білімділігіне мемлекет талаптарының негізі білім
беру стандарты болып табылады.
Оқыту мазмұнындағы, әдістері мен құралдарындағы өзгерістер әдістемеде
айтарлықтай өзгерістер тудырды. Соңғы жылдары педагогикалық ғылым мен
практиканың барлық назары өзінің мазмұны мен тәсілдері бойынша
оқушылардың ішкі және сыртқы белсенділігінің жоғары деңгейінсіз жүзеге
асыру мүмкін емес оқыту әдістерін тартады.
Оқыту әдісі – оқыту, дамыту және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу
бойынша оқытушы мен білім алушының өзара байланысты қызметінің тәсілі.
Әдістің белгісі – қызмет.
70