БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 63

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. барынша көрсетуге ұмтылатын тұлғаның негізгі қасиеті ретінде қарастырылады. Тірек сөздер: тұлғаның өзін-өзі маңыздануы, өзін-өзі жетілдіру, тұлғалық даму, тұлғалық жетілу, психологиялық денсаулық. Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мәселесі – орта және жоғары білім беру концепциясын жаңарту, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жетілдіру. Ал бұл өз кезегінде әрбір жеке тұлғаның өзінің танымдық, кәсіби тәжірибелік сфераларын дамытып, жетілдіруін талап етеді [1]. Қазіргі заманда тұлғаны қалыптастыру үрдісі техника мен технологиялардың жедел дамуымен, инновациялардың пайда болуымен айқындалады. Үнемі дамып отыратын қоғам адамға түрлі мәдени орталарда, өзгермелі жағдайларға бейімделіп, бірлікте өмір сүруді талап етеді. Коммуникативтік, интерактивті және перцептивті қарым-қатынас адамдарды біртұтас біріктіреді. Әлеуметтену процесінде тұлға басқа адамдармен, олардың білімдерімен және тәжірибелерімен әртүрлі байланыс орнатады. Бұл байланыстар өзін-өзі дамытудың негізі, өзін-өзі жеңудің өзекті құралы бола алады. Дараландыру процесінде адам қоршаған ортаны және өзін-өзі таниды, біртіндеп танымнан өзін-өзі тануға, бағалаудан өзін-өзі бағалауға, сыртқы бақылаудан өзін-өзі бақылауға ауысады. Адамның белсенділігі мен өзін-өзі маңыздануын талап ететін осы үдерістердің барлығы адамға тұрақты өзгеретін қоғамда табысқа жетуге және бәсекеге қабілетті тұлға болуға мүмкіндік береді. Ғылыми тұрғыдан өзін-өзі маңыздану пәнаралық сипатқа ие. Ол философия, әлеуметтану, педагогика, синергетика, акмеология, валеология, медицина және адам мен қоғам туралы басқа да ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Алайда, адамның потенциалын ашу мүмкіндіктері мен шарттарын зерттеу мәселелерінде психология ғылымы басымдыққа ие. Өзін-өзі маңыздану теориясы психологиядағы гуманистік бағыттың жүйе құраушы элементі болып табылады. Гуманистік бағыттың негізгі идеясы – тұлғаның адами әлеуетін барынша ашуға және оны өзін-өзі маңыздандыру жолымен қоғамның игілігі үшін іс жүзінде іске асыруға саналы ұмтылу адамның толыққанды дамуының қажетті факторы болып табылады. Өзін-өзі маңыздану теориясының дамуына шетелдік ғалымдарға да, отандық ғалымдарға да маңызды үлес қосқан. Тұлғаның өзін-өзі маңыздану мәселесін философиялық және психологиялық-педагогикалық талдаудың тек дүниетанымдық және әдіснамалық ғана емес, практикалық маңызы да бар. Бұл мәселе инновациялық қоғамның дамуы барлық жаңа проблемалармен бетпе-бет кездескен кезде адам мен қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғыртудың қазіргі заман дәуірінде аса өткір болып отыр. "Өзін-өзі маңыздану" ұғымы дәстүрлі түрде гуманистік педагогика мен психология аясында дамыған жеке тұлғаның шетелдік теорияларының бірімен байланыстырады. Алайда, өзін-өзі маңыздану феномені философия, әлеуметтану, биология ғылымдары аясында әртүрлі тұжырымдамаларға байланысты жалпылаудың әртүрлі деңгейлерінде зерттеледі. Бұл синонимдік түсініктерге байланысты, «өзін-өзі маңыздану» ұғымының түрліше түсіндірілуімен байланысты. Ғылымда осы ұғымның мағынасына жақын келетін түрлі терминдер қолданылады: «Өзін-өзі бекіту», 62