БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 43

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Отансүйгіштік сезімі оқушылардың бойында бір күнде не болмаса бір ғана тәрбие сағатында даритын қасиет емес екені белгілі. Ол тұрақты, әрі терең болуы үшін мазмұндылық, жүйелілік, бірізділік, өмірмен ұштастыру секілді педагогикалық қағидалармен бірге патриоттық іс-әрекеттерге дағдыландыруды нысана етіп алуы бүгінгі күннің басты мәселесі. Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана- сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған жас ұрпақтың отансүйгіштік санасына байланысты мектеп ұжымдарының қалыптастыру үдерісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет. «Туған елім – Қазақстан» мәтіні бойынша мынадай сұрақтар берілген: 1. «Туған елім – Қазақстан» дегенді қалай түсінесің? 2. Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады? 3. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады? Бұл сұрақтар оқушыларға Қазақстан Республикасы, туған ел туралы түсініктерін нақтылауға, Ел рәміздері туралы білетіндерін пысықтауға көмектеседі. Мәтінмен жұмыс барысында қосымша тапсырмалар, пікірталас тудыратын сұрақтар арқылы оқушылардың бұл ұғымдарды тереңірек меңгеруін және өзіндік көзқарастарын білдіруін қамтамасыз етуге болады. Отансүйгіштік сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны – туған жер, табиғаты, оның тіршілік дүниесі мен тау-тасы, рухани әлемі – тілі, салт-дәстүрі, тарихи ескерткіштері. Бала өз өлкесінің тарихын, салт-дәстүрін, жануарлар дүниесін, өсімдіктер әлемін, табиғат ерекшеліктерін т.б. жақсы білуі тиіс. Салт, дәстүрлерді насихаттайтын материалдардың бүгінгі күн дәстүрлерімен үндестігін көрсету, дәстүрлердің күнделікті тұрмыста орындалып отыру мүмкіндігін анықтау қажет. Білім алумен қатар, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар туралы ақпаратты бойына сіңірген оқушы ғана өз елі мен жерін, тілі мен ділін қорғауға жауапты екендігін жан дүниесімен сезіне алады. «...Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың ортасында жүрсе де сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық, өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады»- дейтін ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілі М.Дулатовтың пікірі де осы тұжырымды дәлелдей түседі [11]. Бүгінгі заман бәрімізге үлкен сенім жүктеп, ұрпақ тәрбиесіне сергек қарамауымызды талап етіп отыр. Сондықтан, біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, кәсіби құзыреттілігімізді тиімді пайдалана отырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру – болашақ мұғалімдердің міндеті. Сыни ойлай алатын, білімге құштар, ұлттық, рухани- адамгершілік құндылықты игерген, алған білімдерін талдап, жинақтап, тәжірибеде қолдана алатын, өмірде мәселені шеше алатын, білім алушы ғана нағыз көшбасшы болатыны анық. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_ Пайдаланған уақыты: 20.12.2018 ж. 2. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің 42