БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 418
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
government the loans for sowing works, on purchase of cattlewere granted,
orphanages and medical aid stations which helped many children and adults to
overcome hunger were also opened. It has been proved that such social measures as
employment of refugees and tax exemptions contribute to improving the welfare of
the population. The author concludes that as a result of the effective work of the
Kazakh government, led by Seyfullin, people who left the republic began to return
during the famine in 1921-1922.
Keywords: hunger, orphanages, medical aid stations, loan, province, non-
productivity, epidemic, the Central Commission on fight against hunger, welfare
improvement, demography.
______________________________________________________
ӘОЖ 94(574)
Мухангалиева Ж.К. – тарих ғылымдарының кандидаты,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті
Е-mail: Zhan_2102@mail.ru
ӘУЛИЕЛІК КУЛЬТІНІҢ ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Аңдатпа. Мақалада діни наным-сенімдер, «әулие» түсінігі, олардың қазақ
қоғамындағы рөлі, мәселелері қарастырылған. Бұл үшін әулиелердің
тағдырлары мен қызметтеріне тарихи баға берілген ортағасырлық дерек
көздеріне, халық ауыз шығармашылығына, іргелі еңбектерге, зерттеулерге
талдау, саралау жасалынды. Нәтижесінде «әулиелер», олар кімдер, қызметі
қандай, неге біздің ата-бабаларымыз оларға құрметпен қараған деген
сұрақтарға жауап анықталып, өткен тарихи, мәдени болмысымызды ашып,
одан сабақ аламыз.
Тірек сөздер: әулие, әулиелік орындар, Құран, ислам діні, қасиет.
Табиғаттың бізге беймәлім құпиялары әлі де жетерлік. Соның ішінде
адамның бойындағы күш-қуат қайнарының түпсіз терең құпиясы толық
ашылып болған емес. Әсіресе, кешегі кеңестік солақай саясаттың әулиелілік,
көріпкелдік қасиеттерге ескінің қалдығы ретінде қарағандығы шындық.
Алайда, осындай тыйым салу мен тосқауылға қарамастан атадан балаға
берілетін қасиеттердің үзілмей келгенін де ешкім жоққа шығара алмас.
Пайғамбарлар, әулиелер, атақты сынықшылар, емшілер адамзат ғұмырымен
бірге жасасып келеді. Олардың іздері мифтер мен аңыз-әңгімелерде сайрап
жатыр. Мұндай тұла бойында ерекше тылсым, жұмбақ қасиет дарыған
адамдарды әрине «әулие» деп халқымыз қадір тұтқан. Сол өткен-кеткен
әулиелердің феноменін бүгінгі ғылым қаншама шарықтап дамыса да
түсіндіріп бере алмай келе жатқаны жасырын сыр емес.
«Әулие» – арабша «уали», көпше түрінде «аулийа» – Алланың досы,
Аллаға жақын тұрушы адам, Алланың қамқорлығындағы адам, Алланың
мейірімі түскен адам, Алланың қалаулы адамы деген мағына береді.
Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде әулие туралы бірнеше аяттар
келтірілген. Мәселен Халифа Алтайдың аудармасында «Юныс» сүресінің 62-
ші аятында: «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар
417