БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 416
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
көлемінде қаражатқа БОАК-нің алдына ұсыныс жасау; ашыққандарға азық-
түлік бөлу үшін Ақмола губерниялық Балалар Комиссиясына тапсырма
беруді Қазақ Балалар комиссиясына жүктеу; Денсаулық сақтау халық
комиссариатына медициналық көмек көрсетуді міндеттеу; Ақмола
губерниялық білім беру бөліміне ашыққан аудандар үшін балалар тағамына
арнайы қаржы бөлуді жүктеу; аталған мәселелерді БОАК-де қарастыру үшін
Ақмола губерниялық атқару комитетінен Стародубцевтің өкілдігін бекіту» -
делініп, Сәкен Сейфуллиннің қолы қойылған [20, 44 б.].
Сәкен Сейфуллин істің орындалысын өзі жіті қадағалап отырды, аштық
жайлаған аудандарды аралап, халықтың жағдайымен, аштыққа қарсы күрес
жұмысының барысымен танысуға уақыт бөлді. Ол Ақмола губерниясының
Ақмола, Чермак, Көкшетау уездерін аралап халықтың ауыр экономикалық
күйіне қатты күйініш білдіреді. 1924 жылы 6 қыркүйектегі «Советская степь»
газетінің тілшісіне берген сұхбатында: «Орыс селолары мен қалаларында босқын,
аш қазақтар көбейген. Көкшетау уезінің бір ауылында жұмыс пен тамақ іздеген 7
адамды кездестірдік. Ақмоланың өзінде ашыққан қазақтар қайыр сұрауда. Аш-
жалаңаш панасыз 50 қазақ баласын көрдім» - дейді [21, 2 б.].
Бұл бағыттағы жұмыстың нақты көрінісін үкімет басшысының өзінің
мәлімдемесінен көруге болады. Атап айтқанда, комиссияның үгіт
жұмысының ықпалымен ауқаттылар көптеген аш қазақ отбасыларын
уақытша қамқорлыққа алған. Қалада 150 орындық қарттар пен балаларға
көмек көрсететін мұсылман комиссиясы құрылған. Орталықтан бөлінген 5000
сомға 750 пұт астық сатып алынып берілген. Ағарту халық комиссарының
орынбасары І. Темірбеков те үкімет басшысы Сәкен Сейфуллинге Атбасар
мен Ақмола уездерінде панасыз балаларға арналған мектеп-коммуналар
ашылғандығы жайында хабарлаған [22, 30 б.].
Қысқаша қорытатын болсақ, үкімет аштықтың салдарын жоюға қарсы
табанды жұмыс жүргізді. Аштыққа ұшырағандарға егіске тұқым, көлік малын
сатып алуға тегін әрі тиімді шарттармен несие берілуінің, балалар үйін, емдеу
пункттерін көптеп ашып дер кезінде көмек көрсетуінің нәтижесінде
мыңдаған балалар мен ересек адамдардың өмірі сақталды. 1922 жылдың
аяғында, 1923 жылдың басында ашаршылық ауыртпалығынан күнкөріс
қамын ойлап басқа жаққа ауып кеткен босқындар атамекендеріне қайтадан
оралып келе бастады.
Үкіметтің ендігі жұмысы мына бағытта жүргізілді: қайта оралушы
босқындарды орналастыру, жұмыспен қамту, салық түрлерінен босатып
жеңілдіктер беру, несиеге берген қаражат мерзімін ұзарту. Сәкен Сейфуллин
бұл іске үкімет мүшелерін жұмылдырып қана қойған жоқ, Қазақ ОАК-і және
аштыққа қарсы күрес жөніндегі Орталық комиссиямен қоян-қолтық бірлесе
отырып атқарды.
Әдебиеттер:
1. Рейман М.,ЛитераБ., СвободаК., КоленовскД. Рождение державы.
История Советского Союза с 1917 по 1945 год. – М.: Политическая
энциклопедия, 2015. – 839 с.
2. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (ҚР
ОММ) 5-қ. 1-т. 1-іс. 1-б.
3. Абсеметов М.О. Сакен Сейфуллин – Председатель Совета Народных
Комиссаров Казахстана (г. Оренбург, 1922-1924). – Астана: Рух-пресс,
2006.– 416 с.
415