БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 373
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Ұлтарақ – аяқ киімнің ішінен табанға салатын зат; Менің саптама қазақша
етігімнің ұлтарағының астына тыққан жазылған қағаздарым бар еді.
Қорыта келгенде, Х.Есенжанов романындағы киім атауларын: бас киім,
сырт киім, іш киім, аяқ киім деп бөлуге болады. Олар өз ішінде: бөрік, тақия,
малақай, сәукеле, орамал, шәлі, жаулық, шапан, шекпен, пешпент, тон, ішік,
дамбал, шалбар, көйлек, кебіс т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішінде түбірлес
сөздер, мағынасы жағынан жақын лексикалар кездеседі. Орамал мен жаулық
(ор-өр), шәлі, шалбар (сал), кебіс, қалпақ (кеп), бөрік-бөрі, тақия-төбе т.б.
көрсеьуге болады. Сөздерді салыстыру арқылы түбір тұлғаның о бастағы
мағынасын, не керісінше мағынасы арқылы түбірін табуға болады.
Х.Есенжанов стилінің ең сүбелі жағы – оның ойлы да оюлы тілінің зергер
қолынан шыққан бұйымдай көркем нақышы. Хамза ағамыздың «Ақ Жайық»
романында заңғар жазушының ұлттық эстетика мен дүниетаным кеңістігін
әйгілейтін өзіне ғана тән небір көркем сөздің маржандарын табуға болады.
Роман тілінде этномәдени атаулардан басқа кітәби тілдік деректер мен
диалектизмдерден, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер де кездеседі.
Роман бойынан әсіресе заттық мәдени лексиканы көптеп кездестіруге
болады. Автор ерекше тілдік құралдарды көптеп қолданып жеке стилін
жасаған. Қаламгер жазып отырған мәселенің түп-тамырын ашып көрсету
үшін әр сөздің астарына, реңіне, мән-мағынасына үлкен мән берген. Сөз
қолданысында ерекше байқалатын айшықтар, өрнектер, аз сөзбен көп ұғым
беретін дөп айтылған тіркестер, әдеби тілімізді байытуға үлкен үлес қосты
деп айта аламыз. Барлық тілдік құралдарды қолдана отырып жазушы өзінің
көтерген мәселесін межесіне жете талдаған. Оқырман трилогияны оқи
отырып үлкен әсер алады. Көркемдегіш құралдармен қатар этномәдени
атаулар романнан үйлесім тауып, қиысқан. Бұл роман қазақ әдебиетіндегі
шоқтығы биік шығармалардың қатарында.
Әдебиеттер:
1. Қайдаров Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек. – 1985. – №10. – Б. 15-16.
2. Толстой Н.И. Некоторые проблемы и перспективы славянской и общей
этнолингвистики // Изв. АНССР. Серия литературы и языка. – 1982. – №5. –
С. 397-409.
3. Белгер Г. Ғибратты ғұмыр (Жазушы Х.Есенжанов туралы) //
Парасат. – 1998. №8. – Б. 18.
4. Краткий философский словарь. – М., 1940. – 1030 с.
5. Төкенов Ө. С. Мәдениеттану негіздері. – Алматы, 2001. – 63 б.
6. Есенжанов Х. «Ақ Жайық» трилогиясы. І, ІІ, ІІІ том. – Алматы:
Жазушы баспасы, 1988.
7. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени
негіздері / Дис. ... филол. ғыл. докт. – Алматы, 2005. – 243 б.
8. Алмауытова
Ә.Б.
Қазақ
тіліндегі
киім
атауларының
этнолингвистикалық табиғаты / Автореф. ... фил. ғыл. канд. – Алматы,
2005. – 56 б.
9. Қашқари М. Түрік сөздігі. – Алматы: «Хант» баспасы, 1997. – 483 б.
372