БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 341
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
тіпті жоқ қылуды ойлаған сұмдық қадамға барарда тобықтының біраз
руларының бай-бағландарымен сөзді пісіруімен тынбай, үш Ырғызбай
баласы Тәкежан, Әзімбай, Шұбардың да алдарынан өтеді.
Бұл құпия байлаудың түйіні – Абайды аруақ атынан садаға етудің амалы
еді. Абайдың оязға кірмек ниетін естіген Сәмен тобы сұмдық әрекетке
барады.Осы тұстағы авторлық баяндау әлеуметтік-философиялық ой
арқалаған: «Жауыз дұшпандардың күндіз-түн, айлар бойы, жылдар бойы
қамауында келе жатқан, талауын тосқан, бірақ тәуекел етіп, шыдап тосқан
Абай, бүгін өлімнен бетер жаза шекті. Бұның басына тиген соққы, етіне тиген
жара, бетінен аққан қан, беймезгіл заманның адал ұлын қасқырша талаған қас
қимылдың айғағы еді. Ол соққы Абайға ғана тиген соққы емес, қазақтың
халқының арына соққан сұмдық соққы болды».
Автор кейіпкердің сол сәттегі жан қиналысын, ой арпалысын «Несіне тірі
қалдым, өлсем етті!» - деген сөздермен береді.
Абай басындағы қамығу, торығу азасы қоюлана түседі. Мағауияның өз
ауруының аңдысын хабар еткен хатын алғаннан кейінгі Абай санасындағы ой
сергелдеңіне түседі. Абай басындағы психологиялық ахуалды ішкі ой
монологы салмақтандыра түседі. Автор Абайдың сыртқы болмысын (көз
жасының құрғауы, сөзден тыйылуы) беру арқылы, оның ішкі жан
дүниесіндегі өзгерісті парақтайды. Өлім мен өмірдің аражігі беттескенде,
Абай «өтіп кеткен» кісінің күйін басынан кешіреді. Өлімнен кейінгі өмірмен
беттеседі. Тіршіліктен баз кешкен қалып танытады. Мағаш өткеннен кейінгі
азалы Абайды, іле-шала естіген суыт хабар Ербол мен Базаралының қазасы
мүлде есеңгіретіп кетеді.
Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде қайтыс болған Абай
өлімін автор символдық формада түйіндейді. Ілгерідегі (бірінші кітаптағы)
шыңға шыққан жас шынарға жазушы қайта оралады: «Сонау бір шақта тасты
тақыр, жылтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар
құлады».
Қазақты әлемге танытқан эпопеяның тақырыбы, идеясы, көркемдік келбеті
туралы көптеген зерттеулер жазылды. Шығарма кеңес заманының талабы
тұрғысынан жазылғанын, автор идеалды және антиидеалды кейіпкерлер
жасауда социалистік реализм қағидаларына сәйкес дүние тудыруға
ынталанғанын да естен шығаруға болмас.
Әдебиеттер:
1. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. – Алматы: Жазушы, 1982. – 350 б.
2. Шашкин З. Таңдамалы шығармалар. 6 т. – Алматы: Жазушы, 1979.–
460 б.
______________________________________________________
РахмановаН.М.
ИСТОРИЧЕСКАЯ ЛИЧНОСТЬ И ХУДОЖЕСТВЕННОЕ РЕШЕНИЕ
В статье рассматриваются основные принципы описания автором главного
персонажа Абая в эпопеи «Путь Абая». В статье рассказывается отклонение
автором от исторической правды под влиянием советского времени.
Произведение Ауэзова при передаче настроение Абая, внимание читателя
обращает на внешний вид где предоставляются примеры. В передаче
писателем портрета героя, говорится о единстве действия и характера.
340