БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 310

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Ключевые слова: микросюжетная проза, современная литература, взаимодействие мировых литературных традиций, мифическая деталь, национальный дух, художественное решение. ______________________________________________________ ӘОЖ 821.512.122.82-3 Кішкенбаева Ж. Қ – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті E-mail: zhuldyzaykk@gmail.com КӨРКЕМ МӘТІНДІ ДИСКУРСТЫҚ ТАЛДАУ: АВТОР, МӘТІН ЖӘНЕ ДИСКУРС Аңдатпа. Қазіргі жаһандану жағдайындағы әдеби даму ғылымның алдына жаңаша пайымдау міндеттерін қойып отыр. Ұлттық әдебиеттануымыз да осы талаптарға жауап бере алуы тиіс. Әдеби үдерісті мейлінше дәл бағамдайтын әдебиеттану әдеби-мәдени дамудың жеделдігіне ілесе алуы керек. Ал бүгінгі күн зерттеудің мүлдем жаңа бағыттарын талап етіп отыр. Осы тұрғыдан келгенде дискурс мәселесін зерттеу бүгінгі ғылыми-зерттеушілік сұраныстардан туындағаны, нәтижелік зәрулігі айқын. Мақалада көркем мәтіннің ақпараттық мәні мен эстетикалық табиғатын дискурсты-талдау негізінде ашуда мәтін мен шығарма арақатынасы сараланады, мәтін мен дискурс жайлы ғылыми әдебиеттердегі түрлі анықтамалар талқыланады, әдеби дискурстың түпкілікті мәні айқындалады. Тірек сөздер: филология, әдебиеттану, дискурс, мәтін, автор, шығарма, семантика, структурализм. Әдеби туындының көркемдік жетістіктері ғана емес, уақыт пен кеңістік аясындағы құндылық мәні нақтырақ бағалану үшін зерттеудің контекстік сипаты барынша кең болуы тиіс. Сондай-ақ көркемдік қарым-қатынас мәселесі де жіті тексерілуі қажет. «Дискурс» осы мүмкіндіктердің көкжиегін кеңейтетін категориялардың ең бастысына саналады. «Дискурс» термині әдебиеттануда ХХ ғасырдың соңында қолданысқа еніп, нақты категория ретінде зерттеу нысанына айнала бастады. Филологиялық зерттеулерге назар аударғанда, осы кезеңде «мәтінмен» қатарласа «дискурс» термині де қолданысқа енді. Теорияшылар мәтінді дискурстың ең бастапқы әрі негізгі бірлігі деген көзқарасты алға тартады. Көркем туындыдағы поэтикалық мәтінді тұтастықта қарастырған әдебиеттанушылық талдауларда әдеби туынды табиғатын дискурс аясында танытуды мақсат еткен ізденістер қатары баршылық. Көркем мәтіннің ақпараттық деңгейін көркемдік, эстетикалық, танымдық тұрғыда талқылау – бүгінгі таңдағы әдеби зерттеу бағытындағы дискурстық талдаудағы маңызды мәселелерінің бірі. Мәтін – мәнмәтін –шығарма – дискурс желісінде талқылау осы ұғымдардың жақындығы мен алшақтығын, әрқайсысының ұғымдық аясын нақтылап алуды қажет етеді. Толыққанды көркем туындыны дүниеге әкелу – 309