БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 284
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Осы ерек тұлға, талантты дарын жайында жарының атынан ақын былай
сыр толғайды:
Дүние шіркін тар екен,
Кетейін беріп бір хабар.
Еркелеу едің,
Ғарекем,
Бабыңды сенің кім табар!?
Соңымда қалып барасың,
Жанарға жасым толды көп.
Жанымның жазып жарасын,
Әніңді салшы соңғы рет.
Осылай мәңгі батар күн,
Кетірмес сенің сәніңді ел.
Жұмақта күтіп жатырмын,
Әлдилей берші әніңмен...
Беу, Ғаре-кем...[ 2, 46 б.]
(«Әнші жарының аманаты»)
Сөйтіп, ұрпағы мен халқына тапсырып кеткен әнші жарының аманаты
бүгінгі күні орындалғандай.
Көркем әдебиеттің бейнелеу нысанының бірі адам десек, бұл лирикалық
шығармаларға да қатысы бар мәселе. Ғ. Сейтақ лирикасындағы кейіпкерлер
тұлғасының суреттелуі қазақ сөз өнеріне қосылған қомақты үлес деп білеміз.
Ақынның лирикасының қай кейіпкерін алсақ та, барлығының бейнесі еліне
адал қызмет еткен, «адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» (Шәкәрім) деп
ұғынған ұлт азаматтарының жиынтық образы қалпында көрініс табады.
Саралай айтқанда ақын Ғ. Сейтақты әдеби өлкетанудың көрнекті өкілі
ретінде және өңірден шыққан тарихи тұлғалардың бейнесін өлең сөзде
өрнектей білген шығармаларымен де ұлттық поэзияға соны көркемдік
бояулар әкелген қаламгер деп бағалауға негіз бар.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің
рухын, қоғамдық санасын жаңғыртуда соны серпін, үлкен қозғалыс әкелгені
анық. Соның бір жарқын көрінісі әдеби өлкетануға назар аударылып, оның
негізін қалаушы ақын-жазушылар мұрасын зерттеу ісіне ден қойыла бастады.
Әдебиеттанушы ғалымдардың жетекшілігімен құрылған зерттеушілер
тобының «Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы рухани жаңғырту (Орал өңірі
ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы. ХХ-ХХІ ғ.б.): 1-кітап.
Монография. (Орал, 2018) [6] және «Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы
рухани жаңғырту (Орал өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы.
ХХ-ХХІ ғ.б.): 1-кітап. Хрестоматия. (Орал, 2018) [7] атты еңбектер
ғалымдардың көп жылдық ғылыми жобаларының аясында жарық көрді. Бұл
ғылыми кітаптар сериясы болашақта да жалғасын тапақ.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен
Қазақстан. – 2017. – 12 сәуір. – №70 (29051). – Б. 1-2.
2. Сейтақ Ғ. Тек пен тамыр. Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Арыс,
2005. – 328 б.
283