PUBHTML5 | Page 3

Оқулықта қолданылған шартты белгілер
Оқылым . Ұсынылған тақырып негізінде мәлімет беретін мәтіндермен танысып , мәтін жанры мен негізгі мәселені айқында .
Тыңдалым және айтылым . Қосымша СД дискіде берілген материалдарды тыңдап , оны өз сөзіңмен жеткізуге , ой қорытындысын жасауға дағдылан .
Ойтүрткі . Оқылым айдарында берілген мәселеге қатысты өзіңнің білім қорың мен ойлау жүйріктігіңді көрсет .
Жазылым . Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде өз ойыңды жазбаша сауатты жеткізуге тырыс .
Ереже . Әдеби тіл нормалары бойынша анықтамалар берілді . Анықтамалармен танысып , мұқият зерделе , оларды іс жүзінде дұрыс қолдануды үйрен .
Әдеби тіл нормалары . Грамматикалық , тілдік материалдар бойынша берілген жаттығулармен жұмыс жасап , өз біліміңді көрсет .
Сұхбат . Түрлі тақырыпта сұрақжауап түрінде тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы пікірлесу мәдениетіңді қалыптастыр .
Ғибратты сөз . Тағылымы мол даналық сөздерден тәлім ал .
Артық болмас білгенің . Тақырып жөніндегі тың деректер , қызық мәліметтермен таныс . Ол да сенің білім көкжиегіңді кеңітеді .
Ізденімдік тапсырма . Шығармашылық сипаттағы ақпараттық деректерді іздеп тауып , зерттеу жүргіз .
Жағдаяттық тапсырма . Түрлі жағдаяттарда шешім қабылдауға дағдылан . Шығармашылығың мен белсенділігіңді арттыруға ұмтыл .
Үй тапсырмасы . Тақырып бойынша алған білімің негізінде үйде өз бетіңше ізденіп , тапсырманы орында .
Ойталқы . Пікірталас арқылы белгілі бір мәселе жөнінде сөйлеу тіліңді дамытуды қолға ал .
Назар аудар Электронды косымша жүктелген CD колжетімсіз болrан жаrдайда , косымшаны arman-pv . kz сайтынан тауып , тез компьютеріне жүктеп алуына болады