Жинақтың мақсаты өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды.
Жинақтын негізгі міндеті- мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін бағалауға және жетілдіруге көмектесу.
Негізігі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.Осы жеті модульдің ішінен «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» стратегиялар мен тәсілдер қарастырылды.
Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педгогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды
«Сенім» тобының зерттеу жұмыстары
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларды топқа бөлу үшін барлық оқушыларды тақтаға шығарып, дайындалған дөңгелектердің нөмірлеріне сәйкес топтарға отырғызу. Әрбір нөмірдің өзінің түсі болады. Сол түске байланысты оқушы өз тобын табады. Әр топтағы бір нөмір ерекше боялады. Бұны таңдаған бала сол топта топ басшысы болады.Топ басшысы барлық жұмысты ұйымдастырып басқарады.
«ЖИГСО» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу:
барлық оқушыларды топқа бөлу үшін оларды ортаға шығарып, әр топты 1,2,3,4 деп нөмірледім.Оқушылар өз нөмірлерін білу үшін оларға туған күндері бойынша қай жыл мезгілінде туса, сол топқа отырғыздым. Сонда 1 топ-«Көктем», 2 топ-«Қыс», 3 топ-«Жаз», 4 топ –«Күз» болып бөлінді. Әр топқа жаңа тақырыпқа арналған материал бөлініп берілді . Әр топ бұл материалды өз топтарында талдап, топ басшысы анықталды. Жаңа ақпарат топта талқыланып болғасын, әр топтың топ басшылары кезек-кезек топтарға барып, өздері талдаған жаңа ақпаратты топ мүшелеріне түсіндіреді.Солай әр топ мүшелері барлық ақпаратты толық меңгереді.
6