Ïåäàãîãèêà ¹ 8-9( 8) 2015
КОНЫРОВА ЖАННА САЛИПОВНА
ШҚО Аягөз ауданы, Өркен ауылы " С. Нұғыманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп " КММ тарих және география пәні мұғалімі
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 7 сынып оқушыларына география пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока по географии для 8 класса средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
This work represents itself the lesson plan of the geography for 7th grade pupils of secondary school. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОРТА МЕКТЕПТІҢ 7 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 7 |
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы |
Тақырып |
Африканың халқы және елдері, саяси картасы |
Сілтеме |
Күнтізбелік жоспар, 7 сынып « Материктер мен мұхиттар географиясы » оқулығы |
Мақсаты |
Африка материгінің халқы және елдері, саяси картасы туралы оқып түсіну. |
Ресурстар |
Бейсенова. Ә. География материктер мен мұхиттар. 7 сынып. Алматы: « Атамұра ».-2012, слайд, карта, стикер, түрлі-түсті бояулар, А3 қағазы, бағалау парағы, жіп, кір қысқыш. |
Түйінді идея |
Африка- қара нәсіл өкілдері таралған материк. |
Әдіс-тәсілдер |
Жекелей, жұптық, топтық, « Шаттық шеңбері », « Алма ағашы », « Ойлан, жұптас, талқыла », « Поэзия минуты », « Жадыңда сақта », « Семантикалық карта », « Өрмекші торы » |
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі
( 2 минут)
|
1) Сыныпқа кірісімен оқушылармен сәлемдесіп, кезекшінің көмегімен түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Сыныпта психологиялық ахуал туғызу үшін
« Шаттық шеңбері » әдісін қолдану. 3)« Мозайка » құрастырту арқылы топқа бөлу.
|
Оқушылар шеңбер жасап жаңа сабаққа бір-бірлеріне сәттілік тілейді, мозайка құрау арқылы топқа бөлінеді:
« Африка халқы » және « Африка елдері » бойынша.
|
Үй тапсырмасын сұрау( 8 минут)
( 1 минут)
І. « Алма ағашы » арқылы үй тапсырмасын сұрайды: 1) Африканың климаттық жағдайлары мен табиғат зоналарының орналасуында қандай байланыс бар? 2) Африка жерінде мал шаруашылығы неге жақсы дамымаған? 3) Материкте қандай табиғат апаттары жиі қайталанады? 4) Табиғат апаттарымен күресудің қандай жолдары қарастырылған? 5) Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шаруашылығына пайдалануға қолайлы? 6. Тек қана Африкада мекендейтін жануарларды ата? 7. Мадагаскар аралының табиғат зонасына сипаттама бер.( Картадан көрсет) 8. Африкада өсірілетін қандай дақылдарды білесің? 9. Оңтүстік Африкада өсетін вельвичия қандай өсімдік? 10. Хамада деген не? ІІ. Топпен Африканың табиғат зоналары « Сәйкестендіру кестесін » толтыруды тапсырады. Электронды оқулықтағы « Дұрыс орналастыр » тапсырмасын орындату.
« Алма ағашында » ілінген алмаларды кезекпен алып алмалардың артында жазылған жазылған сұрақтарға бірбірлеп жауап береді.
Топпен Африканың табиғат зоналары « Сәйкестендіру кестесін » толтырады.
Электронды оқулықтағы тапсырманы орындайды. Жұппен тексереді.
97