EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 100

¹ 8-9( 8) 2015
Жаңа тақырыпқа даярлық( 2 минут)
Жаңа тақырыпты меңгерту( 17 минут)
Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қою. Балалар сендер құраған мозайкада нелер бейнеленген? Неліктен топқа « Африканың халқы және елдерінен » мозайка құрау арқылы бөліндік деп ойлайсыңдар? Сендер Африканың халқы туралы білгілерің келе ме? Жақсы, олай болса біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Африканың халқы және елдері, саяси картасы »-Ал енді осы тақырыпқа қандай мақсат қояр едіңдер?
Слайдтағы мәліметтер мен кесте, саяси карта арқылы Африканың халқы және елдері, саяси картасы туралы мәлімет беріп, бағыт-бағдар беру. Мағынаны тануда « Ойлан, жұптас, талқыла » әдісімен оқулықтағы 189-193 бб-дегі 51 тақырыпты екі бөлікке бөліп оқу. Тақырыппен танысып, оқып болған соң, жұпта және өзара топта талдап, спикерлер келесі топқа барып түсіндіріп, қайта өз тобына оралып, топта постер арқылы қорытындылап, қорғауды ұсыну.
Ïåäàãîãèêà
Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын тауып, топпен ақылдаса отырып мақсатын қояды.
- « Ойлан, жұптас, талқыла » әдісі арқылы оқулықтағы 189-193 бб-дегі 51 тақырыпты екі бөлікке бөліп жекелей оқиды. Жұппен талдап, спикерлер келесі топқа барып түсіндіреді, қайта оралып өз тобына қосылып қортындыға келіп, постер арқылы қорғайды. Оқулықпен мәтінді жекелей-5 мин, жұпта-2 мин, топпен-6 мин, қорғау-4 мин.
( 2 минут) « Поэзия минуты » әдісімен сергіту сәтін жасатады.
« Поэзия минуты » әдісі бойынша оқушылар бірінен соң бірі бір шумақ өлеңді жатқа айтады.
( 2 минут)
« Жадыңда сақта » кескін карта толтыру.
Кескін картадағы тапсырманы толтырады.
( 2 минут)
« Семантикалық карта » әдісімен кесте толтырту
« Семантикалық картаны » жұппен толтырып, бір-бірлерін бағалайды.
98
Бекіту( 5 минут)
Бағалау( 2 минут)
Үйге тапсырма( 1 минут)
Кері байланыс( 1 минут)
« Өрмекші торы » әдісімен оқушылар бірбірлеріне бекіту сұрақтарын қойып жауап береді: 1) Африка халқының нәсілдік және ұлттық құрамының қандай ерекшеліктері бар? 2) Африканың байырғы халықтарын атаңдар. 3) Африканың байырғы халықтары бірбірлерінен қандай белгілері арқылы ажыратылады? 4) Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған? 5) Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай? 6) Солтүстік Африка елдерінің жер қойнауы қандай пайдалы қазбаларға бай болып келеді? 7)« Әлемнің жеті кереметіне » жататын жерлерін білесің бе? 8) Ең бойшаң адамдары қалай аталады? 9) Пигмейлердің бойының ұзындығы қанша смден аспайды? 10) Африкада қанша жергілікті тіл бар?
Мұғалім жиынтық бағалауды « Бас бармақ » арқылы білдіріп, журналға, оқушылардың күнделігіне қояды
189-193 бб-дегі 51 – тақырыпты оқу, мазмұндау, кескін картаны толтыруды аяқтау.
« Шығу парағын » сабақ аяқталғанда толтырып кетуді оқушыларға ескерту
Оқушылар шеңбер жасап тұра қалып тұра қалып, жіпті бір – бірлеріне беру арқылы сұрақтарға жауап беріп өрмекші торын жасайды.
Әр тапсырма аяғында екі топ бірін-бірі « Бағдаршам », « Екі жұлдыз, бір тілек »», « Банкноттар »,« Фигуралар » арқылы бағалап отырады. Топ басшылары « Бағалау парағын » толтырады.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады
-Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?-Бүгінгі сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?-Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару қажет? сұрақтарына жауаптарын қағазға жазып, жіпке кір қысқышпен іліп кетеді.