EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Seite 83

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ОРТА МЕКТЕПТЕ ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ҮЛГІСІ
Ïåäàãîãèêà
¹ 8-9( 8) 2015
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 7 сынып оқушыларына тарих пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока по истории для 7 класса средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
This work represents itself the lesson plan of the history for 7th grade pupils of secondary school. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.
МАҒАУЯНОВА РОЗА ЖАСАНҚЫЗЫ
ШҚО Аягөз ауаданы " Мыңбұлақ орта мектеп " КММ тарих пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ОРТА МЕКТЕПТЕ ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ҮЛГІСІ

Тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
Сабақтың м ақсаты: Қазақ хандығының құрылу үдерісін талдау, қазақ атауын алған тұңғыш дербес мемлекеттік құрылымын анықтау.
Дамытушылық кезең: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау; Тәрбиелік мәні: Қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайреткерлерінің еңбегін бағалауға, патриотизмге, өз Отанын, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: топпен жұмыс Көрнекілігі: видеоролик, карта, суреттер, сызбанұсқалар Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 3 топқа бөлу. І топ. " Хандар " ІІ топ. " Батырлар " ІІІ топ. " Билер " ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Кубик лақтыру ойыны 1. Орта жүздің алып жатқан территориясын картадан көрсет? 2. Ұлы жүз алып жатқан территориясын картадан көрсет? 3. Кіші жүз алып жатқан территориясын картадан көрсет? 4. Этнос дегеніміз не? 5. Алаш- қазақ атауының пайда болуы туралы не білесің? 6. Қазақ хандығының негізін қалаушылар кімдер? ІІІ. Жаңа сабақ 1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В. В. Вельяминов-Зерновтан бастап, Шығыс- Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті- қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы
Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған " көшпелі өзбектер " мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты.
81