EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 67

¹ 8-9( 8) 2015
Мақала тәжірибелі ұстаз, ұйымдастырушы, белсенді қоғам қайраткері Сәрсен Бейсенұлының өмірлік тәжірибесі, педагогикалық және қоғамдық қызметіне арналады.
Статья посвящена биографии, педагогической и общественной деятельности талантливого педагога, организатора и общественного деятеля Сарсена Бейсенова.
БАЙГАРИНОВА ГУЛЬМИРА АУЕСКАНОВНА
Шүлбі орта мектеп кешенінің домбыра сыныбының мұғалімі
This article is devoted to the biography, educational and social activities of Sarsen Beysenov, talented teacher, organizer and social activist.

АСҚАР ТАУДАЙ АҒАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҰЛАҒАТЫ

Семей қаласы, Шүлбі жалпы орта білім беру мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, қоғам қайраткері, " Невада- Семей " халықаралық антиядролық қозғалысының белсенді мүшесі Бекболатов Сәрсен Бейсенұлы
Мен ойланып, толғанып қолыма қалам алып, Фариза апамыз жырлағандай " Шыр етіп бұл өмірге келгенен соң, ойланып адам өткеніне қарайды екен "- дегендей, өткенімеой жүгіртсем алдыма асқар таудайболып, қоғам қайраткері," Невада- Семей " халықаралық антиядролық қозғалысының белсенді мүшесі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бекболатов Сәрсен Бейсенұлы тұрады.
Адамның өміріндегітарихи кездесулердің көбісіесте қала бермейді, бірақ Сәрсен ағаммен кездескен кезім әлі күнге дейін, есімнен кетпейді.
1992 жылдың наурыз айы болатын мен бұл кезде Семей қаласындағы М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің 4-курс студенті едім. Құрбыларыммен сабақтан шыққан едім, екінші қаббатың дәлізінде, бойы сұңғақ, жүзінде жылуы бар, ақкөңіл кісі маған жақындап келіп амандасып, колледж директорының кабинетіне қалай бару керек екенін сұрады да, менен нешінші курста, қай мамандық бойынша оқып жүргенімді сұрай бастады да, таң қалмаңыз мен сіздердің директорларыңыздан дамбыраны жақсы меңгерген маман сұрауға келдім дегені. Сен қарсы болмасаң сені Шүлбі кентінің балалар музыка мектебінедомбыра маманы ретінде сұрап көрейін, директорларыңыз ризашылдығын беріп жатса, біздің кентке маман ретінде барар ма едіңіз,- дегені. Мен таң қалдым да, ойланып көрейін дедім. Менің аты- жөнімді жазып алды.( Сол кездері колледж директоры Ғабдырасыл Есімханұлы Қайдаров ағамыз болатын.) Сәрсен ағамыз колледж директорына кіріп, өзін Семей қаласы Шүлбі кентінде Халықаралық " Қазақ тілі " қоғамының төрағасы екенін айтып, өз кентіндегі жағдайын түсіндіріп, 1990- жылдары Семей қаласы Шүлбі ГЭС құрлысы, бүкіл кеңестік комсомол құрлысы болғандықтан тұрғылықты халықтың 90 % орыс тілді халық екенін айтып, қазақ балаларын домбыра өнерімен сусындату үшін, музыка мектебіне домбырадан сабақ беретінөнерлі жас маман беруін сұрап, әңгіме қозғапты.
Кейін, колледж директоры Сәрсен ағаныңөтінішінорындап меніСемей қаласы Шүлбі кентінің балалар музыка мектебіне жіберді. 1992 жылдың тамыз айындаШүлбікентіне БММ-не жұмысқа орналастым. Ең алғаш осы мектептің " домбыра-тенор " сыныбын аштым. Сәрсен ағамның адамгершілігін, жастарды тәрбиелеудегі ақыл, кеңесінің молдылығын, нағыз ер азамат екендігін, әсіресе қазағыма, елімедеген қамқорлығы зор екенін көрдім. Мен бұл өмірде дұрыс бағыт ұстанып, алдына мақсат қоябілетін ағаларымның бірі ретінде Сәрсен ағамды айтқым келеді. Ол кісі Шүлбі( орыс тілді) жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі бола жүріп, Халықаралық " Қазақ тілі " қоғамының төрағасы болды. Табанды қоғамдық, әлеуметтік қайраткер екендігін танытты. Қазағым, елім, жерім, тілім деп көп жылдар бойы орыс тілді оқушыларын қазақ тілінде сөйлеттірген шебер ұстаздеп айтқым келеді. Оқушыларын білім нәрімен сусындатып, қазақ тілінің қыр-сырын үйретіп жүрген ер азамат.
Сәрсен ағаның бастауымен 1987 жылдары Шүлбі кентіндегіүш балабақшаның бірінде қазақ тілінде тәрбиеленетін топ, ал 1992 жылы қазақ мектебінің ашылуына мұрындық болды. Сол Шүлбі қазақ орта мектебін бітірген алғашқы түлектері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жұмыс істейді. Олар: Бекболатов Жаңбыржан, Курмангалиев Бекжан ағылшын тілі мұғалімдері, Бекболатов Бауыржан физика пәнінен ағылшын, орыс, қазақ тілінде сабақ беретін мұғалім,
65