Ïåäàãîãèêà
Блум жүйесі Мұғалімнің іс-әрекеті Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мазмұны
Оқушылармен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, топтарға бөлу, топ басшыларын тағайындау, бағалау парақтарын ұсыну
БІЛУ Әңгіменің композициясы:( құрылысы) І топ: Әңгіменің бастауы( экспозиция)- Қоржынтомар жайлауы. Құрақты көл. ІІ топ: Әңгіменің дамуы- Ауыл балаларының молда алдына оқуға баруы. ІІІ топ: Әңгіменің шиеленісуі – Молданың қаһары. Түйебайдың жазалануы.
ІҮ топ: Әңгіменің шарықтау шегі( кульминация) Түйебайдың оқудан кетуі.
Ү топ: Әңгіменің соңы – Көш. Кездесу. Аянышты тағдыр.
ТҮСІНУ Сөздікпен жұмыс: Тәугі- Қасиетті деген нәрсеге басын иіп, маңдайын тигізді, тәу етті, тағзым етті, сыйынды. Сүрме- кірпік, қасты бояйтын қынадан жаслған бояу( көзіне сүрме сүртіп, төрткөзденеді де жүреді). Жат сабағы- мәтінді мұғалімнің айтуымен жазып, жатқа айту сабағы.
ҚОЛДАНУ Оқушылық деңгей. Тапсырма жүйесі: І топ – Б. Майлиннің « Түйебай » әңгімесінің қандай ерекшелігі бар?( Б. Майлиннің жазушылық стиліне тән « Түйебай » әңгімесіндегі кейіпкерлердің шынайы, табиғи суреттелуі). Алгоритмдік деңгей. ІІ топ – Б. Майлин « Түйебай » әңгімесіндегі суреттеуді табыңдар.
ІІІ топ – Молданың іс-әрекеттерін тауып айт. ІҮ топ – Теңеу,( молда сұрғылттау келген адам, тентектеу Түйебай); эпитеттерді( жұлым – жұлым қара үй, шоқпыт – шоқпыт қима пима т. б.) көркемдегіш құралдарды тап. Ү топ: Диалог, монолог, баяндау табу.
ТАЛДАУ І топ-Молда неліктен Түйебайға ашулы? ІІ топ- Молданың ашулануына не түрткі болды? ІІІ топ- Басқа қандай себеп болуы мүмкін? ІҮ топ- Басқа балаларға қарағанда, Түйебай неге таяқ жеп, жазықты бола береді? Ү топ – Молданың Түйебайды ұруы қалай әсер етеді?( балаларға, оған, саған). І топ-Түйебай және автор несімен ұқсас?( ұқсастығы: жасы шамалас, молда алдына тәу етуге барған, екеуі де зерек, жандары таза, өмірді үлкендерше пайымдай алады) ІІ топ- Венн диаграммасы арқылы әңгіме кейіпкерлерін салыстырыңдар.
Олардың айырмашылығы неде? Түйебай
« Автор » бала
¹ 8-9( 8) 2015
Оқушының іс-әрекеті
Түрлі-түсті геометриялық пішіндермен топтарға бөлінеді, өздерінің топ басшыларын сайлайды.
Әр топ өздеріне берілген бөлімдерді бойынша топта талқылап, басқаларға түсіндіріп береді. Жіберген қателерін оқушылар өздері тауып, түзетеді.
Алдын ала үйден оқып келген білімдерін, сыныптағы талдаумен ұштастыра отырып, мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын анықтайды. І топтың оқушылары топта ауызша талдап орындайды. ІІ топтың оқушылары тапсырманы топта бірлесіп орындап, бір оқушы жауап береді. ІІІ топ тапсырманы топта талқылайды. ІҮ топтың оқушылары көркемдегіш құралдарды табады. Ү топтың оқушылары тиісті тапсырмасын орындайды. Сұрақтарға сыни ойлай отырып, жауап береді. Түйебай-кедей отбасынан тентектеу, молда алдында жасқаншақ, оның қаһарына бірінші іліккен, жоқшылық, кедейшілік ерте есейткен, мейірімділік пен қамқорлыққа зәру. « Автор » бала-әжесінің сүйікті, ерке немересі, мейірімге, шапағатқа толы отбасында тәрбиеленген; молда оған кешіріммен қарайды, берілген тапсырманы жаттамаса да ұрмайды; сезімтал, басқаның қайғысына жаны ашиды.
ІІІ топ-Егер Түйебайдың орнында « Автор » бала болса не болушы еді?
ІҮ топ-Молданың Түйебайды ұруы нені білдіреді? Молданың қаһары мен Түйебайдың жазалануын сахналап( көрініс арқылы) көрсетіңдер. Ү топ – Сонымен, « Түйебай » әңгімесінің басты идеясы мен тақырыбы қандай? Әңгімедегі молда оқуы мен қазіргі заман оқуды салыстырыңдар.- Қандай қорытынды жасай аласыңдар?
61