¹ 8-9( 8) 2015
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс кәсіптік-техникалық оқу орнында білім алатын студенттерге кәсіби қазақ тілі пәнінен сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока профессионального казахского языка студентам, обучающимся в профессионально-технических учебных заведениях. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
ОМАРХАНОВА ЖАНАТ КЕНЕСПЕКОВНА
" Көлік колледжі " КММ " Кәсіптік қазақ тілі " пәнінің оқытушысы
This methodological work represents the example of a functional Kazakh lesson for the vocational education students. The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists, students and students in the master ' s programmes of pedagogics
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі заман талабына сәйкес оқушылардың білім деңгейінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі, яғни олардың функционалдық сауаттылығы туралы баспасөз ақпарат құралдары беттерінде аз мәселер айтылып жүрген жоқ. Әйтсе де бұл мәселенің түйіні мектептен шешімін табатыны анық. Бұл ретте қазақ әдебиеті сабағының атқаратын рөлі зор. Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз сабағымда сынап көргім келген оқытудағы / оқудағы жаңа тәсілді айқындап, белгілі бір критерийлерді пайдалана отырып, әріптестердің зерттеу жұмысты өзара бағалайтын ресурстарды дайындадым. 6-сыныпта Б. Майлиннің " Түйебай " әңгімесі тақырыбында өткізілген сабақтың мақсатын: " Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру арқылы сынып белсенділігін жоғарылату " деп қойдым. Енді үлгерім сапалары әр түрлі оқушылардың түрлі топтарын көрсететін оқушыларды " іріктеп " алдым. Пәнаралық дағдыларға немесе білу сияқты арнайы дағдыларға қатысты оқу үлгерімі жақсыға Ш. Асқарованы, орташаға А. Тлеубековты және нашар оқушыға С. Кеңеспекті таңдап алдық. Зерттеу тобымен ақылдасып құрылған сабақ жоспарын пайдалана отырып, сабақ жоспарының а, b, c деңгейлеріне арналған бөлімдерін орындадым. Оқытудың тәсілі " Бірлесіп ойлау " мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдаландым. Оқытудың нақты нәтижесі: Б. Майлиннің өмірі мен өмір сүрген дәуірі туралы мәлімет алады, " Түйебай " әңгімесінің мазмұнын меңгеріп, сұраққа жауап беріп, идеясын ашады, шығарма композициясына талдайды, өз көзқарасын білдіре алатын болады. Сыныпты үш топқа бөліп, әрбір топқа зерттеуге алынған оқушылардың қабілетін нақты нысанаға алып, деңгейлік тапсырмалар жүйесі ұсынылды. Нәтижесінде b, с деңгейлі оқушыға бағытталған тапсырмалар ол ешқандай нәтиже бере алмады, яғни бұл сабақта қолданылған әдіс пен тапсырмалар ол оқушылар үшін тиімсіз болып табылды, керісінше а деңгейлі оқушы үшін өте сәтті таңдалынған тәсіл болып табылды: Сымбат топта басқа оқушылармен әрекетке түсе отырып, өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті, топтағы балаларға рөлдерді бөліп берді, кімнің не істейтінін айтты. Сөйтіп, бұл сабақтың нәтижесінде а деңгейлі оқушы қозғалысқа түсті, ал әлгі екі оқушының әрекеті көлеңкеде қалып қойды. Дегенмен әр түрлі тәсілдерді үйлестіре қолданған сабақ өз нәтижесін береді, тек талмай қажырлы еңбекті қажет етеді. Төменде сол сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Тақырыбы: |
Б. Майлин « Түйебай » әңгімесі |
Сілтеме; Ресурстар |
ҚР Білім беру стандарты, Күнтізбелік жоспар; С. Мақпырұлы, К. Құрманбай, А. |
Қыраубайқызы « Қазақ әдебиеті » оқулығы;- Алматы, « Мектеп » 2012, қалам, |
дәптер, кестелер, қосымша материал, интербелсенді тақта, стикерлер |
Мақсаты: |
Б. Майлиннің өмірі мен өмір |
сүрген |
д? уірі туралы мәлімет беру, « Түйебай » |
Міндеттері: |
әңгімесінің идеясын ашу, шығарма композициясына талдау, өз көзқарасын білдіре |
Күтілетін нәтижелері:
алдыру. |
|
|
Б. Майлиннің өмірі мен өмір |
сүрген |
д? уірі туралы мәлімет алады, « Түйебай » |
әңгімесінің мазмұнын меңгеріп, сұраққа жауап беріп, идеясын ашады, шығарма |
композициясына талдайды, өз көзқарасын білдіреді. |
Негізгі идеялар: Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді, өздерін – өздері және бірін – бірі оқытады. Топ арасында формативтік бағалау нәтижесінде ынталандыру жүргізіледі; алдын ала берілген тапсырмалар арқылы дарынды балалармен жұмыс жүргізіледі.
Іс-шаралар: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату. « Сұрақ-жауап » стратегиясы, семантикалық кесте, Венн диаграммасы, Блум таксономиясы
60