¹ 8-9 ( 8 ) 2015
ОҚЫРМАНҒА СӨЗ
Қазіргі таңда Қазақстан алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - ғылымды қажетсінетін экономиканы дамыту , осы мақсатты жүзеге асыру бағытында , ең әуелі , білім мен ғылымның сапасын арттыру - күн тәртібіндегі негізгі міндет .
Қалыптасқан әлемдік жаһандану үрдістері мен нарықтық экономикалық қатынастар , қарқынды дамып келе жатқан технологиялық жетістіктер күннен күнге педагогтар мен ғалымдардың жоғары білімділігі мен кәсіби сауаттылығын талап етуде . Жаңа замандағы мәдени , ғылыми жетістіктер ғалымдар мен ұстаздардың бәсекел естік жағдайында өз орнын таба алатын , өз мүмкіндіктерін көрсететін маман болуға итермелейді . Сол себ епті де ғыл ым мен б іл ім беру сал асы мамандарының кәсіби біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар үздіксіз атқарылып тұруы шарт әрі тәжірибе алмасу жұмыстары үнемі жүргізілуі тиіс .
Мұндай жұмыстар түрлі конференциялар мен жиындар , біліктілікті арттыру курстары мен семинарлар түрінде ғана емес , халықаралық деңгейде таралатын ғылыми-әдістемелік журнал жүзінде де жүзеге асуы тиіс деп есептейміз . Бұл , өз кезегінде , ғалымдар мен педагог мамандардың тәжірибе алмасу үрдісіне қызмет ететін құрал болатыны сөзсіз . Осы орайда " ERUDIT " білім беру-ғылыми орталығы Еуразия кеңістігіндегі үздік ғалымдар мен педагогтардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарын , ғылымдағы соңғы жаңалықтарды журнал беттерінде таратып отыруды жөн көрді .
" Еуразия білімі . Eurasian education . Евразийское образование " халықаралық журналы білім берудің кәсібиленуіне , педагог мамандардың , ғалымдардың өз тәжірибелерімен бөлісулеріне мүмкіндік береді әрі шығармашылық ізденістердің артуына септігін тигізеді деген үміттемін .
Бас редактор
3