EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 30

Ýëåóìåòòàíó ¹8-9 (8) 2015 Мақала жастардың діни сауаттылығының деңгейін зерттеу мәселелеріне арналған. Шығыс Қазақстан облысы жастарының арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама негізінде мақала автор жастардың діни мәселелер жөніндегі сауаттылығы мен олардың әлеуметтік толеранттығының деңгейіне сараптама жасайды. Статья посвящена вопросам изучения уровня религиозной грамотности молодежи. На основе данных социологического исследования,проведенного среди молодежи Восточно-Казахстанской области, автор анализирует грамотностьмолодого населения в вопросах вероисповедания и религиозной практики, а также уровень их социальной толерантности. This article is devoted to studying the level of religious literacy among the youth. On the basis of survey, which was conducted among the youth of East Kazakhstan region, the author analyzes the literacy of young population in matters of religion and religious practice, and also their level of social tolerance as well. АБДРАСИЛОВА АЙДАНА АБИЛХАИРОВНА Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты ДІНИ ДИСКУРС КОНТЕКСІНДЕ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы - қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.Ұлттың бүгіні мен келешегі - білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Қазіргі әлеуметтік қоғамда маңызды мәселе болып отырған тұлғаның психикалық саулығымен шартталған. Қазіргі таңда әлем діни факторлардың бастапқы рөлдерінің әлемдегі күәгерлері болып табылады. Осындай себептердің бірі діни саясаттың сұрақтарын ғылымдар зерттеуде олардың құндылықтарын, атрибуттары мен символдарын саяси мақсатта зерттеу болып отыр. Діни сенімдер мен әрекеттер дінге сенетін адамдардың өмірлік бейнесі арқылы көрініс табады. Діннің негізгі жақтары оның имандылық пен адам сүйгіштігі болып табылды. Дін басқа да рухани білім берулермен қатар, тұлғаның сеніміне және тұлғалық сана-сезімді қалыптастыруға себепші болады[1]. Қазіргі уақытта қоғам осындай бағыттарды қажет етеді. Осындай бағыттардың бірі дін психологиясы болу керек, яғни, Қазақстанда, әсіресе жастар санасында жағымды дискурсты қалыптастыру. Біздің жұмысымыз діни- психологиялық зерттеу аймағында жүргізіледі. "Дін арқылы бүкіл әлемге нұр шапағатын шашып тұрған бірлесу және келісім, азаматтық бейбіт өмір сүру мағынада өзінің шыңына діни бірлестіктерде қол жеткізеді" Өзін өзі реттеуші қоғамда, яғни азаматтық қоғамда адам тікелей өзімен және басқалармен тұрақты келісімде өмір сүруі және бүкіл қоғаммен әмбебапты конвенцияға жетуі қажет. Осы тұста ад амға көмекке дін келеді. Э. Дюркгейм дінді ұжымдық бейсаналық, индивид пен қоғам, әлеуметтік топтар мен тұлғалардың арасында байланыс орнататын және қоғамды біріктіретін түсініктердің жиынтығы деп қарастырады[2]. Дін жалпы алғанда, жоғары күшке ие Құдайдың барына сенумен негізделген, индивидтің нақты діни әрекеттері мен мінез-құлықтары, сонымен қатыр 28 дүниетаным мен дүниені сезіну арқылы анықталады. Осылайша , тар мағынада діни дискурс діни ортада қолданылатын сөйлеу актілерінің жиынтығы болып табылады; кең мағынадақарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттестік процесін жалғастыратын ,адамды сенімге бағдарлануын таныстырушы, нақты әрекеттер мен сөйлеу актілері кешендерінің жиынтығы. Діни дискурс қай жерде ағымда болса да, оның негізгі бір міндеттерін келесідей тұжырымдап алуға болады: ұмтылысын білдіру, өтініштер, сенуші адамдардың үміттері, ( соған сенетін адамдардан немесе Құдайдан) рухани қолдауды табу. Діни дискурстың дамуы мен қалыптасу формалары оның мақсаттары арқылы анықталады: а) Құдайдыңқолдауын алу; б) жанды тазалау; в) сенім мен тәубеге келу үшін, жақындарын ынталандыру; г) сенушілірді сенім мен ізгілікке мақұлдау; д) рәсім арқылы өзін сол не басқа да конфессияға жататындығын сезіну [3]. Жастардың дінге деген көзқарасы ең алдымен оның дінге алғаш рет қай тұрғыда бетпе-бет келгеніне (жеке өзі, отбасылық дауда және т.б.), оған оның эмоциялық жағынан қалай әсер еткеніне, сол бүкіл ақпаратты санасында қалай қабылдағанына байланысты. Шындығында, әсіресе, жасөспірімдерде өмірінің дәл сол кезеңдерінде дүниеге көзқарастары қалыптасады, санасының жетілу процесі жүріп жатады. Осы өтпелі кезеңді дәстүрлі емес дін өкілдері дөп басып пайдаланғысы келеді. Сол кезеңде жастардың басын жылдам айналдырып, теріс пиғылды ойларын санасына сіңіріп, қажетсіз бағытқа бастап, теріс жолға сала алады.Бүкіл ғылым атаулы діннен шығады, діннен қуат алады, дін арқылы өсіп-өркеңдеп жетіледі. Ғылымнан үміті бар жандар әрбір нәрсені өз жаратылыс мақсатын байланыстыра зерттеуі тиіс. Жастардың рухани және діни сауатты болуы кезек күттірмес мәселелердің бірі. Қазіргі қоғам жастардың діни сауаттылығының төмен дәрежеде сипатталуымен қатар, атынан да затынан да шатасатын саяси миссионерлік секталарға толы. Бұндай жолдарға, керітартпа ағымдарға кетпеудің ең әуелгі жолы ол - діни сауаттылықты арттыру. Қазіргі қоғамымызда діни сауатсыздықтың салдары төмендегідей: Қазақстаңдағы дәстүрлі емес діни ұйымдардың және тоталитарлық секталардың көбеюі мен оның қатарына жастардың жалпы халықтың көптеп тартылуы көпұлтты мемлекетіміздің ұлтаралық татулық пен тұрақтылығына қауіпті фактор. Және ұлтаралық радикализммен