EURASIAN EDUCATION №7-8 2016 | Page 76

ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ТИІМДІ ОҚЫТУДАҒЫ АКТ-НІҢ РӨЛІ
¹ 7-8( 14) 2016 Ïåäàãîãèêà
КАПАШЕВА ГУЛЬДАНА МУРАТБЕКОВНА
Чернышевский атындағы № 1 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
БАЙМҰРАТОВА ЖАНАР ШАМИҚЫЗЫ
Чернышевский атындағы № 1 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқытудың үлгісі ретінде ұсынылған. Әдістемелік жұмыс орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Методическая работа представляет собой пример преподавания казахской литературы в средней школы. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodological work represents the example of teaching Kazakh literature for pupils of secondary school. The methodological work might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.

ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ТИІМДІ ОҚЫТУДАҒЫ АКТ-НІҢ РӨЛІ

Әдебиет- заманалар тарихының, ұлы оқиғалардың, адамзат тіршілігінің, таным-нанымдарының керкем шежіресі. Әдебиет адам баласымен жасап, оларға рухани күш-дем беріп, бірге дамып, өсіп келе жатқан өнердің бір түрі.
Әдебиет сабағы-терең білім беретін, тіліңді дамытатын, сөздік қорыңды байытатын, өз ойыңды еркін айтатын пән. Әдебиет- жан сабағы, сол жаныңды тербететін ән сабағы. Әдебиет- асыл сөз сабағы. Әдебиет- сезім мен сұлулықтың сырға толы сазды мекені. Әдебиет-достарыңмен табысып, жүрек қылын шертер жан сабағы.
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ әдебиеті сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, өз елінің тарихымен, өз ұлтының ақын- жазушыларымен, олардың шығармаларымен таныстыру. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.
Технология гректің " teche "- өнер, шеберлік және " logos "- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни " шеберлік туралы ғылым " деген мағына білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы " Нені оқыту керек?", " Не үшін оқыту керек?", " Қалай оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы " Қалай нәтижелі оқытуға болады?" деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы копмьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет. Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік.
Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивті тақта,
мультимедиалық және онлайн-сабақтары. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Сондықтан тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз. Енді нақты орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті сабақтарына тоқталып өтейік. Мәселен, 5-сыныпта қазақ әдебиетімен танысу халық ауыз әдебиетінен басталады. Бұл блокта оқушылар тұрмыссалт жырлары, мақал-мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиет үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде береді де, оқушылар сол ребустарды шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардан шешімін сұрайды. Немесе, ертегілерді басқа ұлт балалары бір оқығаннан түсіне алмауы мүмкін. Олар үшін интерактивті тақтаға таныс емес сөздерді жазып қойып, сол сөздермен сөйлем құрастырып, алдын-ала жұмыстар жүргізсек, онда ертегіні оқу барысында олар бұрын кезіккен қиындықтарға кезікпес еді. Бұл бір жағынан оқушылардың сөздік қорын байытады, осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Енді, поэзияға тоқталатын болсақ, бұнда да ақпараттық технологиялардың алар орны зор. Оқушыларды әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, өлең мазмұнын басқа ұлтты балаларға түсіндіріп, содан соң компьютер немесе теледидар арқылы өлеңді тыңдатсақ, оқушының жүрегіне әсер ететіні сөзсіз. Осындай жұмыс түрлері оқушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін оятады. Орыс сыныптарында роман, әңгімелерді оқыту тіпті де үлкен қиыншылықтарға әкеп соғатыны жасырын емес. Себебі балалар кітап оқығаннан гөрі компьютерде көбірек уақыт өткізгенді қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, оның бірінші сабағында мұғалім қысқаша роман авторымен, кейіпкерлерімен, мазмұнымен слайд арқылы таныстырады. Екінші сабақта осы роман сюжеті
74