МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ
¹ 7-8( 14) 2016 Ïåäàãîãèêà
ТУНГАТОВА АЙЖАН БАКЫТБЕКОВНА
Семей қаласының "№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп " КММ мектепалды топ тәрбиешісі
Мақала мектеп жасына дейінгі балаларды орта оқу орындары жағдайында мектепалды даярлау мәселелеріне арналған. Автор мектепке дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері мен тиімді тәсілдері туралы баяндайды.
Статья посвящена вопросу подготовки детей к обучению в школе в условиях общеобразовательных учреждений. Автором раскрываются задачи, специфика модели предшкольной подготовки, описаны технологии работы с детьми дошкольного возраста в период подготовки их к школьному обучению.
The article focuses on preparing children for school in the conditions of educational institutions. The author reveals the challenges, the specifics of the pre-school teaching, describes the technology works with pre-school children in preparation them for school
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі заманғы мектеп уақыт талабынан қалып қоймас үшін үнемі жаңашылдыққа ұмтылып отырады. Қоғамдағы өзгерістің негізі бұл дамудың қарқынын жылдамдату. Заманауи қоғамға:- өз істеріне есеп бере алатын;- іс-әрекеттің түпкі нәтижесін болжай біліп, өз бетімен шешім қабылдай алатын;-шешім қабылдауда дербестікке ұмтылатын;- әріптестерімен жұмыс істеуге қабілетті;- еліміздің тағдырына, әлуметтік-экономикалық гүлденуіне бей- жай қарай алмайтын білімді, рухани бай, іскер адамдар керек. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесінде білім беру стандартын қазіргі заман талабына сай жаңарту қажеті туындады. Қазір мен мектепалды даярлық тобында тәрбиеші болып істеймін. Мектепке дейінгі балалар тобымен жұмыс істегенде олардың жас ерекшелітері мен даму деңгейіне қарап әр түрлі тапсырмаларды беріп орындатқанда әр түрлі әдістемелер қолданамын.
Жылдағы байқауым бойынша мектепалды даярлық тобына үйден келген балаларға қарағанда балабақшадан келген балалар мектеп өміріне дайын келеді,. Жылдан-жылға үйден келген балалардың мектепке дайындығы төмендегені байқалады.
Мектеп алды даярлық тобына бірінші келген балаларға алғашқы күннен бастап мектеп тарапынан көптеген талаптар қойылады. Олар оқу іс-әрекетін табысты игеру, мектептің мінез-құлық нормаларын меңгеру, сынып ұжымымен түсіністікте бола отырып бейімделу міндетті болып саналады. Мектепке дейінгі оқытудың мақсаты:- мектеп алды даярлық тобына келген балалардың бастапқы мүмкіндіктерін реттеу және олардың жаңа білім кеңістігіне табыспен енулерін қамтамасыз ету.- Балалардың жан және тән саулығын сақтау.- Мектепке дейінгі оқыту және бастауыштық білім берудің жүйелілігі, бір ізділігі. Мектепке дейінгі оқытудың міндеттері:- Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың бастауыш құзіреттіліктерін және әртүрлі іс-әрекет түрлерінің пайда болуы және тәртіпті меңгеруге жағдай жасау;
- Ойындық қарым-қатынас барысында қиялдай білуге және шығармашылық қабілеттерін көрсете білуге жағдай жасау;
- Танымдық мотивация мен оқу әрекеттерінің алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
- Балаларға және олардың ата-аналарына жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық, әлеуметтік, медициналық және заңдық көмекті жүзеге асыру;
Мектепалды даярлық тобы балаларымен жұмыс істеу әдістемесінде басты орында көшіріп жазу және салу, торлар бойынша сурет салу, сөздердің жұптарын және суреттердің екінші жартысын таба білу т. б. Бұл жұмыстар арқасында баланың көзбен көру арқылы еске сақтау мөлшері өседі және жеке тұлға ретінде дамуына оң әсер етеді.
14 сабақ бойына мектепке дейінгі балаларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.- Кескіндік( графикалық) диктант Кескіндік диктант сынық сызықтар 12-15 кесіндіден аспау керек, алғашқы екі-үш сабақта тек көлденең және тік сызықтарды сызықтарды қолдану керек. Сосын келесі сабақтарда қиғаш сызықтарды да қолдана беруге болады. Жаттығу жұмыстары суретте белгілі бір заттың бейнесі пайда болатындай етіп таңдалып алынады. Бұл жұмыстың ерекшелігі сонда, балалар тапсырманың дұрыс орындалғанын сол сәтте тексере алады.- Тор бойымен көшіру Бұл тапсырманы орындау барысында уақыт бойынша шектеу болады. Орындау барысы 5 минуттан аспайды. Балаларға өрнекті қағаздың тор көзіне көшіріп алу беріледі. Сурет бірте-бірте күрделене түседі.
- Ассоциативтік есте сақтауды жаттықтыруға бағытталған жаттығу жұмыстары.
Бірдей төрт дана суреттер жұптасқан түрде ілінеді, бір жұп екінші жұптан қашықтау болуы тиіс. Суреттердің бір бөлігі күнделікті өзгертіліп отырады. Балалар суреттердің бір бөлігін міндетті түрде табу керек және өз ойларын негіздеп айта алуы керек.
- Көріп есте сақтау қабілетін жақсартуға бағытталған жаттығулар
Балаларға үш қатарға қойылған жай заттар немесе геометриялық пішіндер бейнеленген суреттері беріледі. 30 секунд өткеннен кейін суреттерді жауып қояды. Балалар сол естерінде қалған суреттерді қалай ұсынылса, солай рет-ретімен салып шығады. Жаттығуды 3 суреттен бастау керек. Біртіндеп еске сақату қабілетіне байланысты суреттердің санын арттырамыз. Суреттер орналасу реті күнделікті ауыстырылып отырады.- Жаттығу " Аяқталмаған әңгіме " Мұғалім мәтінді оқиды. Түсіп қалған сөздерді мағынасы қарай балалар қойып шығады. Немесе мұғалім заттады көрсетеді, ал балалар " қандай?"-деген сұрақ арқылы ол
58