ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
¹ 7-8( 14) 2016 Ïåäàãîãèêà
МУХАМАДИЕВА ТОЛҚЫН БАИАНБАЕВНА
Семей қаласы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі
БАЗАРОВА ГУЛЬФИЯ САГАДИЕВНА
Семей қаласы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі
Мақалада жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданудың тиімділігі баяндалады. Сонымен қатар инновациялық технологияларды қолдану кезінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағидалар аталып өтіледі.
В статье рассматриваются вопросы применения инновационных технологий обучения на уроках казахского языка и литературы. Авторы отмечают важность соблюдения основных педагогических принципов при применении новых технологий и методик.
This article reports the effectiveness of using new technologies in the Kazakh language and literature classes. At the same time, in the article underlined pedagogical principles during the time of using innovative technologies on the lessons.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне қол жеткізу мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша өзгерістер енгізуде. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша міндеттер қойып отыр, яғни, мұғалімнен оқу-тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқу-тәрбие үрдісін нәтижеге бағыттау арқылы оқушы құзіреттілігін арттыруды, мұғалім мен оқушының зерттеушілік мәдениетін дамытуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында " Білім берудің бәсекелестігін арттыру, азаматтардың материалдық және рухани әлеуетін жақсарту үшін адам капиталын дамыту, әркімге де сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолымен экономиканың тұрақты өсіміне қол жеткізу болып табылады "-делінген.
Қазақс тан Республи касы ның " Біл ім турал ы " Заңында: " Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құнды лықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қаж етті жағ дайл ар ж асау, оқытуд ың ж аңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу "- делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерікжігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр. Жалпы білім берудің мақсаты- терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы " Нені оқыту
керек?", " Не үшін оқыту керек?", " Қалай оқыту керек "? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы " Қалай нәтижелі оқытуға болады?" деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Көптеген жаңа техноло гиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазір гі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
" Ақпараттық технология " терминін академик В. М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, " Ақпараттық технологиялалар " ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, " Ақпараттық технология "- мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса, " Ақпараттық технологияны " оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік: Ақпараттық технологиялардың бірі- интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кебинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі-
48