Ïåäàãîãèêà
б) Қосымша тағы кім не айта алады? в) Сұр қандағаш неше емтрге жететін ағаш? Ол қандай сан есім? Есептік сан есім дара ма, күрделі ме? г) Қара қандағаш жеміс береді ме? д) Тамырларында не бар? е) Ағашынан не істеуге болады? 4. Кластер жасау.
¹ 7( 7) 2015 бояғыш заттары бар жұмсақ
жеңіл
суға берік
Қандағаш ағаш
көгалдандыру үшін қолданылады кәсіпорында пайдаланады токарьлық ісінде
6. Қандағаш, топырақ, азот- сөздерімен алты сөйлем құрыңыздар. 7. Грамматиканы оқыту. I. Категориялық мағынасы. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды. Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. II. Морфологиялық белгілері. Құрамына қарай: дара, күрделі Тұлғасына қарай: негізгі, туынды III. Лексика-грамматикалық мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді: 1. Есептік. 2. Реттік. 3. Жинақтық. 4. Топтау. 5. Болжалдық. 6. Бөлшектік. 1. Есептік сан есім. Қанша? Неше? 1) дара 2) күрделі М: 7 21 2. Реттік сан есім. Нешінші? Қаншасыншы?(-ыншы,-ншы,-інші,-нші) М: алты + ншы, бір + інші 3. Жинақтық сан есім. Нешеу?(-ау,-еу) М: бір + еу, жет + еу 4. Топтау сан есім. Нешеден?(-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен) М: алтындан, отыз тоғыздан 5. Болжалдық сан есім. Қанша? Неше? 1) оннан бір 1 / 10 2) 2,3- екі бүтін оннан үш 3) 3 1 / 10- үш бүтін оннан бір IV Сан есім септеледі, көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі. Жаңа сабақты нығайту, жаттығу. Төмендегі көркем әдебиеттерден алынған мысалдардан сан есімдерді тауып, олар сан есімнің қай түріне жататындығын анықтаңдар. 1. Жетпіс сегіз бен жиырма төртті қосайық. Жетпіс сегізге әуелі жиырманы қосамыз, тоқсан сегіз болады. Содан кейін тоқсан сегізге төртті қосамыз, барлығы жүз екі болады(" Арифметика " оқулығынан). 2. Екінші үшінші қабаттарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған төсектер бар. 3. Солардың ішінде ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен( М. Әуезов). 4. Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек( Абай). 5. Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, бір түрлі іс тапсырған.( М. Әуезов). 6. Олар екі-үштен қолтықтасып, үйдің ішін шыр көбелек айналып жүр( Б. Майлин). 7. Алты совхозға келетін трпакторлардың ғана саны үш жүздей. 8. Сол жолды біз жеті сағаттай жүріппіз.( С. Мұқанов). 9. Сәтемір жетілерде атасынан жетім қалған( Ы. Алтынсарин). 10. Судың үштен бірі қалғанда, көлжұтардың ұрты ғана суға толады.( Қазақ ертегілерінен). Жаттығу. Халқымызда " жеті " сөзімен байланысты айтылатын сөздердің мәнін түсініп алындар. Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы. Жеті ата: 1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере. 5. Шөпшек. 6. Немене. 7. Туажат. Жеті кұн: 1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн. 7. Азына. Жеті жұт: 1. Құрғақшылық( қуаңшылық). 2. Жүт( мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба( ауру). 5. Соғыс. 6. Топтан су. 7. Зілзала
( жер сілкіну). Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеууіш жоқ. 2. Аспанда тіреуш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
91