EURASIAN EDUCATION №7 2015 | Page 92

¹ 7( 7) 2015
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс кәсіптік-техникалық оқу орнында " Орман шаруашылығы " мамандығында білім алатын студенттерге кәсіби қазақ тілі пәнінен сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока профессионального казахского языка студентам, обучающимся в профессионально-технических учебных заведениях по специальности " Лесное хозяйство ". Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
УСЕНОВА ГУЛЬЖАН ЖИЕНШЕЕВНА
Экология және орман шаруашылығы колледжінің кәсіби қазақ тілінің оқытушысы, Щучинск қаласы, Ақмола облысы
This methodological work represents the example of a functional Kazakh lesson for the vocational education students with a degree in " Forest management ". The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists, students and students in the master ' s programmes of pedagogics.
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДЫҒЫНДА БІЛІМ АЛАТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Ұстаз- теориялық жағынан білімді педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын тәлімгер, шығармашылықтағы адам. Ал шығармашылық, бұл- адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Сондықтан тәжірибелі ұстаз алдына мақсат қойып, белгілі бір реттілікпен, жүйелілікпен жұмыс жасау үшін мұғалімге тірек болар бағыт керек. Ол- мұғалімнің шығармашылық жоспары. Адам, ең алдымен, мамандық таңдайды, кәсіби ісәрекетке көшеді, кәсіби шеберлікті меңгереді. Сонымен әр адам жеке мүмкіндігіне қарай кәсіби шеберлігінің шыңына жетеді. Қазіргі таңда мен кәсіби қазақ тілін " Орман және орман бақ шаруашылығы " бөліміндегі топтарға беріп жүрмін. Ұсынып отырған сабақ жоспарым- кәсіптік-техникалық оқу орнының білім алушыларына, атап айтқанда, орман шаруашылығы мамандығында білім алатын студенттерге кәсіби қазақ тілінен сабақ жүргізудің үлгісі.
Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып- " Сұр, қара қандағаш ". Грамматикалық тақырып- " Сан есім ". Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Мамандық бойынша мәтін беру. Оқушыларға сан есімнің түрлері туралы түсінік беріп, практикалық жолмен меңгерту.
2. Дамытушылық: Тапсырмалар беру арқылы ой қорытуға дағдыландыру, тез қабылдауына жол ашу, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Талдауға алынған мәтіндер арқылы өз мамандықтарына сүйіспреншіліктерін артыру, киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Қиыстырылған сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, сұхбат, ой қозғау, тест. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, дендрология Сабақтың құралдары: мәтін, магнитофон, перфокарталар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу. 2. Үй жұмысын тексеру.
90
а) Аршаның қандай түрлерін білесіндер? ә) Жай арша қай облыстарда өсіді? б) Жидегінен не алуға болады? в) Аязға шыдамды ма? г) Балғын аршаның биіктігі неше метрге жетеді? д) Дәрі арша ағаш па, бұта ма? е) Дәрі аршаның бұтақтары қандай болады? 3. Жаңа тақырыпты оқыту. Сұр, қара қандағаш. Ольха серая или белая- сұр қандағаш. Биіктігі 20 метр, жуандық диаметрі 50 сантиметр ағаш. Көкшетау облысының Бурабай орман шаруашылық техникумы мен Лениногор ботаника бақтарында өсіріледі. Топырақ ерекшелігіне талапты аз қояды, қысқа берік, көлеңкеге шыдамды, тамырларында азот жинайтын түйнектері болады. Ольха черная или клейкая- қара қандағаш. Биіктігі 35 метрге дейін барады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Семей, Орал, Гурьев, Целиноград, Қарағанды облыстарында өзендер мен көлдердің жағаларында, шалшықты және ылғалды жерлерде кездеседі. Тамырларында азот жинайтын түйнектері болады. Қүнарлы жерлерде тамырлары тереңге кетеді. Ағын су жайылған және жер асты суы тереңде жатқан қүмдақтарда өсе береді. Ағашы кеш жеміс береді, өнімі мол болатын жылдары 3-4 жылда бір қайталап түрады. Ағашы жүмсақ, жеңіл, суға берік, мебель фанер жасайтын кәсіпорындарында және токарьлық ісінде пайдаланылады, бағанаға свайға, су науаларына, қүдықтың шегеніне, шахталардың тіреуішіне жүмсалады. Қабығында илік және бояу заттары болады. Қазақстанның барлық жерінде жер асты суы жақын жерлерде, су қоймаларының, өзендердің, көлшіктердің жағаларында көгалдандыру үшін қолданылады. 4. Мәтін( тыңдау).( Тақтаға сөздер мен сөз тіркестерді жазып қоямын) Талап, көлеңке, түйнектері, құнарлы жерлер, өнімі, бағана. а) Ал, бірінші сүр қандағаш туралы кім қандай мағлұмат бере алады. ә) қара қандағаш туралы?