Ïåäàãîãèêà ¹ 7( 7) 2015 еріген оттегімен балықтар тыныс алады.) 4. Неге жануарлар суықтан тоңбайды?( Өйткені аңдардың жүнінің, құстардың мамығының арасында ауа бар, ауа жылуды нашар өткізеді) 5. Таза ауа қайда болады?( Орман ішінде, теңіз, көл, өзен, мұхит жағалауында) 6. Өсімдік таза ауаны қалай бөліп шығарады?( Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды
, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады) 7. Ауаның көлемі қалай өзгереді?( Ауа қызғанда көлемі ұлғаяды, ауа суығанда көлемі кішірейеді) 8. Әр адам тәулігіне қанша ауа жұтады?( Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады) 9. Қалың киіммен адам неге тоңбайды?( Себебі қалың киімнің түктерінде ауа болады, ал ауа дененің жылуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.)
10. Ауаның тазалығын сақтау үшін не істейді?( Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.)- Ендеше балалар айналамызда таза ауа болу үшін біз не істеуіміз керек? Ел басымыздың " жасыл ел " бағдарламасына өз үлесімізді қосып, қаламызды көгалдандыруымыз керек. IV. Жаңа материал. 1. Ауызды жауып, танауыңды қысып, ішіңнен сана. Тұншығасың. Сонда адамға тыныстану үшін не қажет?-Ауа.
Түссіз
Жеңіл
Серпімді
АУА
Мөлдір
Сығылады
Жануды қалайды Жылу нашар өтеді
V. Сарамандық жұмыс: 1-тәжірибе Шар үрлейміз. Оның ішіне не толды? Ауа, яғни ол орын алды. Ол шарға қайдан келді? Ішімізден, яғни адамда ауа болады Ол қалай келеді?- Тыныс алу арқылы. Енді осы шарды алақанымызға қойып көтерейікте, ауаның салмағын анықтайық. Не байқадық?- Ауа жеңіл. 2-тәжірибе. Шарды сығайық. Ауа сығылып, қайта серпіледі. 3-тәжірибе Үш шырақты жағайық. Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен жабамыз. Қайсысы алдымен сөнеді?
Неге?- Стақанмен жабылған сөнеді- Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді, себебі ауа көптеу.- Төбесі ашық шырақ жана береді, оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса, ауа жанғыш. VI. Дәптермен жұмыс.- Ауаның қасиеттерін дәптерлеріне жазады.( түссіз, мөлдір, жеңіл, сығылады, серпіледі, жылуды нашар өткізеді, жануды қолдайды) Мұғалім: Сарамандық жұмыс арқылы ауаның барлық қасиетін анықтап білдіңдер.- Балалар адам қатты шөлдегенде не ішеді?- Су.-Ендеше біз келесі су туралы тақырыпқа тоқталамыз.( Жер моделінің суреті)- Суретке қарайықшы қандай түс өте көп.- Көк.- Дұрыс.- Ендеше балалар жердің 3 / 1 бөлігін су алып жатыр екен. Жер бетінде су көп екенін білдік.- Адам ішуге қандай суды пайдаланады?- Тұщы.- Жақсы. Жер бетінде қандай су көп?- Ащы.- Дұрыс. Тұщы су аз екен.- Олай болса тұщы суды біз қалай пайдалануымыз керек?- Үнемдеу, таза сақтау керек.- Балалар суы жоқ елді мекекендерде ащы суды пайдаланады. Оны қайнатып өңдеуден өткізеді. Өңдеуден өткізілген су өте қымбат болады. Қайнатылған судың түбіне тұз шөгіп қалады. Ол тұз ашық қалып қойса, адам денсаулығына өте зиян келтіреді. Сондықтан ол тұзды өңдеуден өткізіп, пайдалануға жаратады екен. Судың маңызы: 1. Адам өмір сүре алмайды. 2. Жануарлар. өсімдіктерге қажет. 3. Қатынас жол үшін қажет. 4. Ас әзірлейміз, шомыламыз, тазалық үшін, ішеміз, демалысқа қажет.
71