¹ 7( 7) 2015
Ïåäàãîãèêà
Берілген сабақ жоспары бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сабақ жүргізудің тиімдісі үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Данная разработка урока представляет собой пример проведения урока по предмету " Познание мира " в начальных классах средней общеобразовательной школы. Методическая работа будет интересна учителям средней школы.
The working-out subject plan is given as a useful example for teaching subject " Learning the world ". Every primary school teacher may use this plan.
СЕИЛХАНОВА ЛЯЗЗАТ ГУСМАНОВНА
К. Бозтаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы
ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНАН 3 СЫНЫПТА ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Ақпарат заманындағы білім беру- ұстаздардан өз ісінде жан-жақтылық танытып, жаңа педагогикалық технологияларды игеруді талап етеді. Оқыту әдісін түрлендіру мен педагогикалық процестің өнімділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі- ұстаздар арасында сәтті жүзеге асқан педагогикалық тәжірибелерді тарату. Осы мақсатта мен әріптестеріммен тәжірибемді бөліскім келеді. Менің ұсынып отырған дүниетану пәнінен өткізген ашық сабағымның жоспары жас мамандарға пайдасы тиер деген сенімдемін. Ұсынылған жұмыс орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне өз жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік үлгісі бола алады.
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Су. Ауа райы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу. Ауа райын зерттеу туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ барысында одан әрі дамыту. Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оны қорғауға, ластанудан сақтауға және оны жақын тани білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, ой қозғау. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, приборлар, шар, доп. интерактивті тақта, слайдтар, шырпы, Адам шырақтар, үлестірме қағаздар, перфокарталар, бор, тақта. Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық.- Сәлеметсіңдер ме, балалар?- Балалар, біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, өзімізге жақсы көңіл күй сыйлап алайық! Табиғат қандай тамаша Көз тоқтатып қараса Шаттанайық, қуанып Мәз болайық балаша
70
Аспан мен жер, тал мен тау Көкке өрлейді таласа Өмір неткен тамаша! Біздің ұран: Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.- Иә, балалар біздің білмейтініміз өте коп екен. Ендеше, балалар адам өмірінің соңына дейін оқиды, үйренеді, ізденеді екен. Олай болса өткен сабақта не үйрендік, не білдік еске түсірейік? Өткен сабақтың тақырыбын кім айтады?-Ауа және оны қорғау- ӨТЕ ЖАҚСЫ. Үйге қандай тапсырма берілді?( Мәтінді оқып маз,№ 1,2,6 тапсырмаларды дәптерге орындау) II. Үй жұмысын тексеру: Үш оқушы тақтаға шығып
, үй жұмысын орындайды. 1-оқушы:
АУА
№ 2. Температураларды өсуінен бастап орналастыр: 2-оқушы-240С, + 50 С, + 10С,-140С, + 250С(-240С,-140С, + 10С, + 50С, + 250С) Өте жоғары температураны- қызылмен, төменгісін- көкпен сыз. № 6 Қандай тірі ағзалар денесіндегі жылуды қалай сақтай алады? 3-оқушы:
Тірі ағзалардың атауы
Жылуды сақтаудың әдістері
Киім, ас-арқау Өсімдік Қарды үю( тамыр, сабақ үсімейді) Жануар Жүн, мамық, май қоры( аю, борсық, кит)
III Фронталды сұрау. 1. Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз?( Өйткені ауа мөлдір және түссіз болады) 2. Ауаның қандай қасиетін білеміз?( түссіз, мөлдір, сығылады, жеңіл, серпімді, жануды қолдайды, жылуды нашар өткізеді.) 3. Ауаның маңызы қандай?( бүкіл тіршілік иелеріне аса қажет, көлік доңғалақтарына, су бетінде жүзуге, суда