EURASIAN EDUCATION №7 2015 | Page 61

Ïåäàãîãèêà Осындай жаттығулардан басқа әр сабақта әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Әр тақырыпқа сай бейне (видео) көрсетуге болады. Студенттер бейне көріп болғаннан кейін әр түрлі жаттығулар жасайды: сұрақтарға жауап береді, түсінгендерін айтады, синоним және антонимдерді, сөз тіркестерін т.б. қолданады. Сабақ барысында әр түрлі инновациялық технологияларды қолдану студенттердің сөздік қорын молайтуға, ағылшын тілінде мазмұндауға, өз ойларын жеткізуге берер көмегі мол. Сабақта осындай интерактивті тақтаны және басқа да инновациялық технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі әдісті қолдану студенттерді енжарлықтан құтқарады, оқуға деген қызығушылықтарын, ¹7 (7) 2015 белсенділіктерін арттырады, берілген тапсырмаларды бар зейінімен орындауға тырысады. Осы инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттің есте сақтау қабілеті дамиды, ағылшын тілінде орфографиялық, грамматикалық және лексикалық қателерді жібермеу , сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау сияқты ережелерін қатаң сақтауға көмектеседі. Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл студенттердің қызығушылықтарын арттырады, жаңа ізденістерге ұмтылдырады, дыбыстардың айтылуын жақсартады, сөз қорын байытады жазу әрекетін жетілдіреді, уақытты үнемдейді, жарыс ойындары арқылы студенттерді шыңдай түседі, оқуға деген қабілеттіліктері артады. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. 2. www.edu.gov.kz сайтының веб ресурстары 3. "Ағылшын тілі мектепте" журналы, 2014 ж. 59