¹ 6( 6) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақала орта мектеп мұғалімдеріне топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдері тақырыбында тренинг( коучинг) өткізудің конспект-жоспарын ұсынады. Ұсынылған жоспарды орта мектеп әдіскерлері өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Статья представляет собой планконспект тренинга( коучинга) для преподавателей средней школы на тему организации и проведения групповых работ. План-конспект будет интересен методистам средних школ.
An article represents itself a plan-synopsis of training( coaching) for secondary school teachers on theme of organization and conducting group works. The plan-synopsis will be interesting for methodologists of secondary school.
ШАРИФУЛЛИН ЖАНАЙДАР ЕРЖҮРЕКҰЛЫ Көкпекті ауданы Мариногорка ауылы Мариногорка орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
ОРАЗБЕКОВА ГУЛЬМИРА ОРАЗБАЙҚЫЗЫ Аягөз қаласының № 5 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
ШЫНАРБЕК КАМЕРИЯҰЛЫ Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылы Үлкенбөкен мектеп- балабақша кешенінің математика пәнінің мұғалімі МАЛГЕЖДАРОВА ЖАЗИРА СӘКЕНҚЫЗЫ Семей қаласының № 23 мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі ШАКЕНОВ ТҰРСЫНБЕК ҚҰДЫШҰЛЫ Үржар ауданы Қызылту ауылы Кішкенетау орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі
БІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ( КОУЧИНГ-ЖОСПАР)
Ақпарат заманындағы білім беру- ұстаздардан өз ісінде жан-жақтылық танытып, жаңа педагогикалық технологияларды игеруді талап етеді. Оқыту ісін түрлендіру мен педагогикалық процесстің өнімділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі- ұстаздар арасында сәтті жүзеге асқан педагогикалық тәжірибелерді тарату. Ал тәжірибе таратудың тиімді жолы- бұл коучинг. Ұстаздарды интерактивті режимде оқыту. Біздер ұсынып отырған жұмыс- орта мектеп ұстаздарының арасында топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін үйретуге арналған коучингтің конспект-жоспары. Назарбаев интеллектуалдық мектептері жанынан құрылған Педагогикалық шеберлік орталығындағы Деңгейлік оқыту курстарынан алған білімімізді таратудың мүмкіндігін пайдалана отырып, журнал оқырмандарына, өзіміз құрастырған коучинг жоспарын ұсынамыз. Ұсынылған жұмыс орта мектеп әдіскерлеріне өз жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік үлгісі бола алады.
Коучингтің тақырыбы: « Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі »
Сілтеме:
Жалпы мақсаты:
Оқу нәтижелері:
Слайд, нұсқаулық
Мұғалімдерге сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулар беру, топтық оқытуды тәжірибеде қолданудың тиімділігін ескере отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Мұғалімдер: � Топтық жұмыс туралы мәлімет алады; � Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретеді. � Тұйық, пәнге қызығушылығы жоқ оқушылардың ынтасын көтереді.
Түйінді идеялар:
Уақыты
Топта жұмыс істеу не үшін қажет? Топтарды қалай ұйымдастыруға болады? Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижесі.
50