Ïåäàãîãèêà
оқушыларға басшылық жасайды.
- Зерттеу барысында мониторинг жасауға көмек береді. Менторлар оқушылардың бағалануы барысында кейбір салаларында жауапты болады, бірақ жұмыстың аяқталуы оқушының өз жауапкершілігінде болмақ.
- Ментордың басты міндеті көрме барысында жекеленген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасау болып табылады.
- Оқушылар менторларымен байланыс орнатуға және олармен кездесуді ұйымдастыруға жауапты. Үйлестіруші немесе директордың рөлі қандай?- көрменің мақсаттарын, талаптарын түсіндіру, бағалау тәсілдерін анықтау;
- оқушылар мен мұғалімдердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
- көрмені өткізуді бірлесіп жоспарлау, уақытты жеткілікті қамтамасыз ету;- көрмені мектепте өткізу;- көрмеге барып, оқушылармен бірге зерттеудің аяқталғанын көру. " Көрме " жұмысы қалай бағаланады?- Көрмедегі соңғы презентация ғана емес, жұмыстың толық барысы бағаланады.
- Студенттер ойларын, мақсаттарын қалай дамытып
келе жатқанын көрсететін журнал толтырады. Журналда немесе папкіде тақырыбына байланысты суреттері, диаграммалары, поэмасы, жазба жұмыстары болады.
- Менторлар мен мұғалімдер жұмыс барысын тек қана бақылайды.
- Бақылаулар ескеріле отырып, сол бойынша бағаланады.
- Оқушылар тексеру парағы және рубрика бойынша өзін-өзі бағалайды.- Мұғалімдер рубрика арқылы бағалайды. Мұндай көрмені бастауышты бітіріп жатқан баланың бастауыш бектептен алған білімін паш етудің бір көрінісі ретінде қолдануға болады. Себебі бала осы саладағы жұмысы барысында мұғалімнен үйренбейді, керісінше мұғаліммен кеңесе келіп, мұғалімге беймәлім тың дүниелерді тауып, осы уақытқа дейін алған білімін сан қырынан көрсетуге тырысып бағады. Яғни жобалық жұмысы барлық пәндерді қамтиды. Ол таңдап алынған тақырыбына байланысты. Жобалық жұмысты презентациялау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі, оның барысында статистика жүргізілетін болса, ол математика пәнімен байланысады, басқа елде де көтерілген проблемаларды табуы әлемді, дүниені танумен ұштасып жатады, сонымен қатар кесте жасау, сурет салу, жобаны көркемдеу, әрлеу, макет жасау, қолөнер жұмыстары да орын алады. Осы әрекеттердің барлығы баланың ойлау қабілеті мен тапқырлығын шыңдаумен қатар, оның эстетикалық талғамына, шығармашылық тұрғыдан
¹ 6( 6) 2015
дамуына зор ықпалын тигізеді. Жоба жұмысының зертелуі барысында бала іздене келіп, белгілі бір белестер мен қиындықтарға душар болады, оны шешудің жолдарын тауып, жеңіске қол жеткізеді де, осы салаға қызығушылығы артып, зерттеу жұмысының заңдылықтарына орай соны ойлар, жоспарда мүлде ескерілмеген дүиелер туындап, баланың басқа қыры ашылуы да ғажап емес. Жоба барысында оқушы осы материалды толық меңгергендігі соншалық, оны тезірек көпшілікке, яғни мектепте ұйымдастырылатын көрмеде ата-анасы, сыныптастары, мектеп оқушылары, мұғалімдер, басқа да қонақтарға көрсетіп, таныстыруға ынталы келеді. Себебі олар бір тақырыптың аясында күрделі әлемдік деңгейдегі, барлық халыққа ортақ проблеманы көтеріп, оларды салыстырып, ересектер білмейтін, көзден таса, елене бермейтін проблемаларды байқап, сол бойынша өз ойларын айтып, үлкендерді ойландырып қоятындай деңгейге жеткізетін де кездері болады. Міне, осы орайда баланың бойына біліммен қатар, өз өзіне деген сенімділік, батылдық, еркіндік, мейірімділік, бауырмалдық сезімдері ұялайды. Осы жұмыстың нәтижесінен соң, презентацияда алған мақтаумадақтарынан соң бала одан сайын қанаттанып, сенімді, қарқынды адыммен орта буын мектебіне батыл қадам басады. Болашаққа деген сенімінің алғашқы жемісінің дәні мол өнім берді деген осы емес пе?!
Көрменің көрсетілімінен соң бала өткен ісіне және тәжірибелеріне көз жүгіртіп, жасаған ісәрекеттерінің кем-кетігін саралап, жетістіктерін жіктей келіп өз-өзіне есеп береді. Онда оқушы көрмеден алған әсерін, ой-пікірін, нені біліп, нені үйренгенін, өзінің ой-толғауларын, жан тебіреністерін қағаз бетіне түсіріп, тірнектеп жасаған еңбегінің тақырыбына орай шағын эссе жазады. Сөзіміз дәлелді болу үшін өзіміз қызмет жасайтын Алматы қаласындағы " Мирас " Халықаралық мектебінде ұйымдастырылған бастауыш мектеп түлектері арасындағы көрме жұмысының нәтижесі бойынша оқушылар жазған эсселерді назарларыңызға ұсынамыз. Жантемір Сарсенов. Халықаралық " Мирас " мектебінің 5 " С " сынып оқушысы:
Ең алдымен көрме туралы не білетінімді жаздым. Басқа сыныптар көрме туралы не ойлайтынын оқыдым. Мисс Надежда бізге көрме қандай болу керек екенін айтты. Біз сыныпқа келген соң, " Ғаламшардағы ортақ тіршілік " тарауы бойынша өзіміз тақырып құрастырдық. Біз адамдардың басқа адамдармен байланысы деген тақырыпты таңдадық. Содан соң бір-бірден өзімізге зерттеу тақырыбын таңдадық. Мен " Мүмкіндігі шектеулі адамадар қалай жүмыс істейді?"-деген тақырыпты таңдадым. Тақырыптар таңдаған соң, мен неге бұл тақырырпты таңдадым?-деген шығарма жаздым. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аудару керек, өйткені олар ерекше дәрігерлік және психологиялық көмекті әлде жай қосымша көмекті қажет етеді. Оларда көбісінде эмоцияналдық және оқу кезіндегі көптеген проблемалар кездеседі. Сол үшін біз оларға көмектесу керекпіз, бірақ та оларға өте көп көмектеспеңдер, себебі олар да біз сияқты өз бетінше жұмыс істегісі келеді.
24 қантар күні біз және " Аяла қамқорлық қорымен " бірге № 4-інші мектеп-интернатына бардық. Оларға акцияда жиналған акшаға интерактивті тақта сатып алдық. Бұл мені олар туралы көп қызықтырды, сол үшін мен осы тақырыпты таңдадым. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім, өйткені мен олардың орнындарында болсам өте қиналатын едім. Мен олар қалай жұмыс істейтінін білгім келеді.
Мен шығармамды ағылшынша және қазақша жаздым.
33