EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 34

¹ 6( 6) 2015
- көрменің өзекті мәселелері мен проблемаларын іріктеуге атсалысу;
- зерттеуді және бағалау үдерісін бірлесе отырып жоспарлау;
- өзекті мәселе немесе проблема бойынша " ашық " зерттеу өткізу( open-ended);
- оқушы өзінің бойындағы қасиеттерін, қарым-қатынас дағдыларын түсінетіндігін көрсетуі;
- зерттеу нәтижелеріне жету үшін түрлі стратегиялар мен қорларды таңдап алу және қолдану;
- оқушылар мүмкіндігінше алуан түрлі дереккөздерді пайдалануы керек, мәселен, бастапқы көздер ретінде мыналарды алуға болады: сұхбаттар, сауалнама, саяхаттар, артефактілер, ғылыми зерттеулер, үлгілер, тек қана кітаптар ғана емес, сондай-ақ ғаламтор дереккөздері
- ақпараттардың дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, авторлық құқықты сыйлау;
- мұғалімдер, менторлар, сыныптастар және атааналармен тиімді түрде қарым-қатынас жасау;
- жоспарлау үшін журнал немесе портфолио жүргізу, алғашқы жинаған қолжазбаларды( черновик), жұмыстың фотосуреттерін жинау және сақтау және ең соңғы дайын өнімді сақтау
- өзіндік және өзара бағалау жұмысын жүргізу үшін жетекшінің алдын-ала дайындаған тексеру парағымен жұмыс істеу;
- зерттеудің нәтижелерін Көрмеде ауызша презентациялау. Көрме кезінде балаларға кімдер көмектесе алады? 1. Мектеп қауымдастығының барлық мүшелері
( мұғалімдер). 2. Менторлар. 3. Ата-аналар / қамқоршылар. Ата-аналар қалай көмектесе алады?- баласына қолдау көрсетіп, қызықтыру;- өздерінің білімдерімен бөлісу;- ресурстар табуға көмектесу, кездесу ұйымдастыру, саяхатқа алып бару, сауалнамасына, сұхбатына жауап беру. Мұғалімдер қалай көмектесе алады? Мұғалімдер төмендегілерді орындауы тиіс:- көрменің мақсаттары мен талаптарын ең бастапқы кезеңінен түсіну;
- көрме барысын жүргізуге бастама көтеру, ықпал ету және жетекшілік ету;
- оқушылардың көрмені өткізуіне қолдау көрсету, зерттеу барысында оқушыларға кездесетін проблемаларды шешуге ықпал етуі тиіс;- басқа мұғалімдермен бірлесіп жоспарлауы тиіс;- студенттермен, ата-аналармен, басқа да қатысушылармен ұдайы қарым-қатынас жасауы тиісті;
Ïåäàãîãèêà
- талаптарға сәйкес ментор ретінде әрекет етуі тиіс;
- оқуға және пайдаланған қорға жауапкершілігі мен адалдығын қамтамасыз ету үшін оқушылармен академиялық шыншылдыққа қатысты келісімді әзірлеу;
- менторлар мен ата-аналарды бұл келісім туралы хабардар етуі тиіс;
- ақпараттарды бағалауда студенттерге көмектесуі, пайдаланған дереккөздердің тізімін жасауға үйретуі тиіс;
- оқушылардың қызығушылығын, оқу стилін, алдыңғы іс-тәжірибелерді анықтаған кезде туындаған қажеттіліктерін назарға ала отырып, барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету тиіс;
- оқушыларды зерттеу нәтижелерінің негізінде әрекеттерді іске асыруға деген қабілеттеріне сендіруі тиіс;
- көрменің барлық негізгі талаптарын қамти отырып, көрме барысын бағалауы тиіс;
- рефлексиялай отырып, барлық үдерістердің егжейтегжейлі жазбаларын жүргізуі тиіс. Ата-аналар қалай көмектесе алады? Ата-аналар / қамқоршылар төмендегілерді орындауы тиіс:- көрменің мақсаттары мен талаптарын түсіну;- зерттеу барысында оқушылар мен мұғалімдерді қолдау және оларды қанаттандыру;
- хаттарды оқып, жиналыстарға барып, мектеп вебсайтын тексеріп, оқушылармен әңгімелесе отырып барлық уақиғаларды / мән-жайды біліп отыру;
- оқушылардың қорларды, яғни- адамдарды, орындарды, медиа және ақпараттарды бағалауына көмектесу;
- мүмкіндігінше нақты тақырып немесе пән бойынша көмекпен( маманның, эксперттің) қамтамасыз ету;- ментор ретінде әрекет ету;- баланың өзіндік зерттеуін ынталандыру және жеке зерттеу процесіне қатысты баланың құқығын құрметтеу;- көрмеге қатысты сараптау мүмкіндігіне ие болу және өз пікірін білдіре білу;
- көрмеге барып, студенттермен бірге зерттеудің аяқталғанын атап өту. Мектептің басқа мұғалімдері қалай көмектесе алады? Мектепте өткізілетін көрменің жетістікке жетуі бірнеше тәсілдермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бастауыш мектеп түлектерінің көрмені жоспарлауға кірісе бастағанда оның жалпы құрылымы дұрыс әрі әсерлі болуы үшін жасалатын іс-әрекеттер алдын ала нақтылануы тиіс. Мұғалімдері төмендегілерді орындауға тиіс:- көрме туралы хабардар болуы;- зерттеу жұмысын оқушылардың өздерінің жүргізуіне мүмкіндік беру / қамтамасыз ету / жағдай жасау;
- жүргізген сабағының оқушылардың зерттеу әрекеттеріне септігін тигізіп, оларды барынша қолдап, көрменің өткізілуіне үлес қосатынын ескеру. Менторлар қалай көмектесе алады? Егер мектеп менторларды пайдаланатын болса, онда олардың рөлі анық нақтыланғаны жөн. Ментор оқушыларға сұрақтар қоя отырып, мақсат қоя білу мен оларға қол жеткізуге, қорларды ұсынуға, қиын ақпаратты түсінуге, телефон арқылы қоңырау шалуға, сұхбат алуға көмектесе алады. Қауымдастық мүшелері, жоғары сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер менторлар рөлін атқара алады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты анықталған соң менторлар тағайындалады:- Оқушылардың әр тобына ментор тағайындалады.- Ментор көрмеге дайындалу барысында топқа қолдау көрсетіп отырады. Топ өз менторымен аптасына бір рет немесе қажеттілігіне қарай кездеседі. Ментор
32